Біз компаниямыздың клиенттерімен біраз әңгіме-сұхбаттар өткізіп, олардың пікірлерін егжей-тегжей зерттей келе, олардың көпшілігі майлау материалдары жайлы ақыл-кеңестерге зәру екендерін анықтадық. Осыған байланысты біз майлау материалдары туралы бағалы кеңестер берілетін «Жиі қойылатын сауалдар» атты жаңа бөлімді дайындап шығардық. Атап айтқанда:
- Тежеуіш сұйықтығын қалай тексеру керек
- Тежеуіш сұйықтығын қалай ауыстыру керек
- Мотор майын қалай тексеру керек
- Трансмиссиялы сұйықтықты қалай тексеру керек
- Автокөліктің антифризін қалай ауыстыру керек
- Майды қалай ауыстыру керек
- Мотоциклдің майын қалай ауыстыру керек
- Майды қалай толықтырып құю керек
- Хладагентті қалай төгу керек
Бұл ретте осы айтылғандардың бәрі тек ұсыныс екенін білу қажет. Сізге осы әрекеттердің бәрін мұқият орындап, әр істеген ісіңізге өзіңіз жауапты болатыныңызды қаперіңізде ұстаңыз. Сол үшін осы әрекеттерді орындау үшін тиісті дағдыларды меңгергеніңізге және қол астыңызда қажетті құрал-жабдықтардың барына сенімді болғаныңыз жөн. Егер сенімді болмасаңыз, онда бүкіл жұмысты білікті механикке тапсырғаныңыз тура болады. Тағы айтарымыз, біз пайдаланылған майды май ауыстыру орталығына немесе қалдықтарды кәдеге асыратын кәсіпорынға өткізіп, кәдеге асыруды ұсынамыз. Майды тазалап, жағармай мазут ретінде қайта пайдалануға болады. Бір галлон пайдаланылған газдан бір галлон жағармай мазут алынады. Егер май бұдан жоғары қарқынмен өңделсе, майлау материалын (шамамен 60% дейін) алуға болады. Яғни, бір галлон пайдаланылған газдан 2.5 кварт негізгі майлау майын алуға болады. Екінші мәрте пайдалану үшін майдың кез келген түрі жарамды. Әр сұйықтық өзге майлардан бөлек қайта өңделу тиіс. Пайдаланылған көлік майындағы аздаған тежеуіш сұйықтығы немесе хладагент қайта өңдеу процессін бұзу немесе тоқтату мүмкін.