CITROEN КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТАМАҚТАСТЫҚ

Сотрудничество с CITROEN

45 жылдық әріптестік

2013 жылдың 5 қазанында Rally de France туры өткізіліп жатқан кезде TotalEnergies және Citroën компаниялары өздерінің әріптестігінің 45 жылдығын тойлады.

TotalEnergies және Citroën компанияларының 60 жуық қызметкерлері Себастьян Лёб WRC классындағы соңғы жарысқа қатысқан демалыс күні компаниялар әріптестігінің 45 жылдығын тойлауға жиналды.

TotalEnergies және Citroën компанияларының ынтымақтастығы 60-жылдардың соңынан басталады. Ол кезде TotalEnergies компаниясы Citroën компаниясының DS моделі үшін оталдыру және қозғалтқышқа қақ тұру мәселелерін шешуге көмектескен жағармайлар шығаруға кірісті.

Қазіргі кезде екі компанияның арасындағы ынтымақтастық өнеркәсіптік және жаһандық ауқым алып, технология, сауда, үйрету және автоспорт салаларын қамтиды.

Автоспорт

TotalEnergies және Citroën компаниялары әріптестігінің жемісі автоспорт саласында ерекше айқын көрінеді. Осы әріптестік 1969 жылғы ралли жарыстарынан басталып, ралли бойынша 2012 жылғы әлем чемпионатына дейін жалғасып келеді. Осы чемпионатта Себастьян Лёб пен Даниэль Елена чемпион атағын тоғызыншы рет алды, ал Citroën компаниясы автомобиль өндірушілердің арасындағы әлем чемпионатында сегізінші жеңісіне жетті.

Екі компанияның да осы бір аса қызықты жарыстардағы жеңістері айтарлықтай. Жарыстар TotalEnergies компаниясына өзінің жағармайларын аса қиын жағдайларда тексеруге және CITROËN автомобильдерінің тамаша көрсеткіштерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Технологиялар және өнімді сату

TotalEnergies компаниясы бірлескен жұмыстың алғашқы күндерінен бастап өзінің материалдық-техникалық базасының, коммерциялық және инженерлік қолдауының арқасында CITROËN компаниясының табысына оң ықпал ете бастады. TotalEnergies компаниясы тек сапасы жоғары жағармайлар өндіріп ғана қоймай, CITROËN компаниясының делдалдар желісін өз өнімдерімен, жарнамалық және коммуникациялық материалдармен қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіп

TotalEnergies компаниясы әріптестік басталған 1968 жылдан бері автомобиль жағармайларының сан-алуан түрлерін, оның ішінде мотор майларын, жағармайлар және технологиялық сұйықтықтар ұсынып, CITROËN компаниясының бүкіл әлемдегі өнеркәсіптік дамуын қолдап келеді. 2012 жылдан бастап TOTAL QUARTZ INEO FIRST 0W-30 майы CITROËN автомобильдерінің көпшілігінде пайдаланылатын негізгі бірегей май болды.

Зерттеулер және дайындамалар

TotalEnergies және Citroën компаниялары өздерінің әріптестіктерінің 45 жылында жаңа технологияларды зерттеуді ең басты басымдылыққа айналдырды. TotalEnergies компаниясының инженерлері 1968 жылы Citroën компаниясының DS моделінің сипаттамаларын жақсартуға бағытталған бірлескен жұмыстарының арқасында өз зерттеулерін дизельдік және бензиндік қозғалтқыштарға арналған жоғары технологиялық жағармайларды дамытуға шоғырландыра алды. TotalEnergies компаниясының жағармайлардың жоғары технологиялары саласындағы соңғы дайындамалары CITROËN автомобильдерінен ауаға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін азайтуға көмектесті.

МАЙДЫ ІРІКТЕУ

Дәл өз автокөлігіңіз үшін майлағыш материалдарды іріктеп алыңыз

Іріктеу
Автоспорт

АВТОСПОРТ

Автоспорт бойынша біздің жеңістеріміз.

Көбірек білу