Skip to content

Митсубисиге арналған мотор және трансмиссиялық май

Mitsubishi арналған қандай мотор майын таңдауға болады? Осы сенімді жапон машинаның көптеген иелері бұл мәселеге келгенде аса талғампаз әрі ұқыпты.

«Mitsubishi Motors Corporation» жапон өндірушісі 1970 жылдан бастап бензинді және дизельді қозғалтқыштары бар берік автомобильдерді шығарады. Барлық модельдер мотор майларына жоғары талаптарды қоятын қозғалтқыш түрлерімен жабдықталған.

Концерн технологиялық инновацияларды және аса берік материалдарды қолдана отырып, өз моторларын ұдайы түрде жақсартып тұрады. Күн Шығыс Елінің инженерлері күш салу арқасында Митсубиси қозғалтқыштары мен беріліс қораптары:

  • конструкциясының беріктігімен;
  • мол ресурсымен;
  • жұмыстың сенімділігімен ерекшеленеді.

Mitsubishi АБҚ арналған мотор майы — осы сапаны қамтамасыз ететін маңызды құрамдас бөлік. Зауыттық кепілдікті сақтап қалу үшін Автомобильді пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа жүгіне отырып, Митсубиси иелеріне трансмиссиялық және мотор майларын таңдап алуды ұсынамыз.

Біздің сайтымызда көптеген буындағы автомобиль қозғалтқыштары және АБҚ үшін «MMC» компаниясымен мақұлданған Тотал майлаушы материалдарын таңдап алу мүмкіндігі бар. «Майды таңдау» қалпында шығарылған жылды, қозғалтқыш түрін және модель атауын көрсету жеткілікті.

Қозғалтқыш түрі мен көлемін, АБҚ топтамасы мен шығарылған жылын біле отырып, TotalEnergies трансмиссиялық майын, оған қоса, Mitsubishi арналған сәйкес келетін мотор майын да оп-оңай таңдай аласыз. Пайдалы кеңестерді «Байланыстар» бетінде көрсетілген телефонға қоңырау шала отырып, TotalEnergies мамандарынан ала аласыз.

TotalEnergies барлық маусымды синтетикалық майлары – Mitsubishi автомобильдері үшін керемет таңдау

Митсубиси қозғалтқыштарында соңғы буынды Тоталдың барлық маусымды майларын қолдану ұсынылады. 5w30 және 0w30 индексі бар мотор майы қозғалтқыштың жоғарғы ПӘК және ұзақ уақыт жөндеусіз жұмыс істеу кезеңін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда компания жаңа буынның әмбебап синтетикасын ұсынады:

  1. TOTAL QUARTZ 9000 ENERGY 0W30;
  2. TOTAL QUARTZ INEO FIRST 0W30.

Өзінің температуралық-тұтқырлық қасиеттері бойынша өнімдер бензинді және дизельді қозғалтқыштарда қолдану үшін «MMC» концернімен ұсынылған.

Quartz 9000 Energy 0W30 әмбебап мотор майы қауырт режимдерде максималды қайтарыммен Митсубиси қозғалтқыштарын пайдалануға мүмкіндік беретін жуғыш қоспалар кешенінен тұрады.

TOTAL QUARTZ 9000 ENERGY 0W-30

TotalEnergies Quartz 9000 ENERGY 0W30

Бұл Митсубисиге арналған мотор майы API SL/CF және ACEA A3/B4 бойынша талаптарды қанағаттандырады. Майлаушы материал қышқылдану процестеріне қарсы тұрып, -35°С дейін жеңіл суық от алдыруды қамтамасыз етеді. «30» индексі бар барлық майлар сияқты, Quartz 9000 Energy 0W30 жазғы температура 30 C аспайтын жерде, салқын және қоңыржай климатта қолдану қажет.

Майдың керемет аққыштық қасиеті шыққан жанармайды үнемдеп, атмосфераға көмір қышқыл тастауларды азайта отырып, үйкелетін буларда жоғалтуды азайтады. Майды автомобильді ең қатаң деген шарттарда пайдалану барысында қолданады және айдаудың түрлі стильдеріне де жарайды.

Total Quartz Ineo First 0w30 синтетикалық майы бірінші рет құйылатын май ретінде өндірушілер қатарымен ұсынылған. Жоғары үйкегіш қасиеттерге ие және жанармайды сақтау бойынша жақсы нәтиже көрсетеді.

TotalEnergies Quartz INEO FIRST 0W30

Газдарды тазалағанға дейін катализдік жүйелері бар қозғалтқыштарда керемет жұмыс істейді. Майдың осы түрі қозғалтқышты от алдырған мезеттен бастап, түзілім пайда болғаннан бензинді және дизельді моторларды қорғайды. Ineo First соңғы модельдегі, соның ішінде «старт-стоп» жүйесімен жабдықталған гибридті Mitsubishi қозғалтқышында қолдануға жарамды.

TRANSMISSION SYN FE 75W - Митсубиси АБҚ үшін оңтайлы май

Автомобиль мамандары автоматты беріліс қорабын қорғап, оның нақты жұмыс істеуі үшін жоғары сапалы синтетикалық трансмиссиялық майын қолдануды ұсынады. Тотал TRANSMISSION SYN FE 75W өнімі аса жүктелген берілістерді майлау үшін жоғары тұтқырлықты сипаттамаларға ие.

TRANSMISSION SYN FE 75W-90

TotalEnergies TRANSMISSION SYN FE 75W

TDL концепциясы бойынша әзірленген майлаудың осы түрі механикалық беріліс қораптары мен Mitsubishi белдігінде де қолданылады. Трансмиссиялық май API GL 4, GL-5, MT-1 сертификаттарына сәйкес келеді.

Бұл майлаушы материалды өзінің жақсы өзінің жақсы тырналуға қарсы және тозуға қарсы сипаттамаларының аркасында сәйкес келетін нұсқа ретінде ұсынылады. Көптеген сынақтар көрсеткендей, максималды жүктеме барысында үйкелу буларында мойынтіректер тозудан аса жақсы түрде қорғалған.

 

Көбірек білу:

  •