Great Wall Motors және TotalEnergies Lubrifiants компаниялары серіктестік туралы үш жылдық халықаралық келісім жасасты. Келісімге 2012 жылдың 9 ақпанында Great Wall Motor Company Limited компаниясының Қытайдың Баодин қаласындағы бас кеңсесінда қол қойылды.
Келісімнің шарттарына сәйкес TotalEnergies Lubrifiants компаниясы Great Wall Motors компаниясының автомобильді сатудан кейінгі сервистік қызмет көрсету желісінде Great Wall Motors компаниясының жағармайларды сату бойынша ұсынылған әріптесі болып табылады.
Осы желіге қатысушылар тиімділігі жоғары Total Quartz мотор майларына, сондай-ақ TotalEnergies Lubrifiants компаниясының маркетинг саласындағы тәжірибесіне қол жеткізе алады, ал Great Wall Motors компаниясы осының көмегімен клиенттер тарта алады.
Great Wall Motors және TotalEnergies Lubrifiants компаниялары кәсібилік, құзыреттілік және клиентке бағдарлану сияқты басты құндылықтарға зейін қояды. Great Wall Motors және TotalEnergies Lubrifiants компаниялары әріптестік орната отырып, Қытайдағы және әлемдік рыноктағы өз үлестерін көбейтуге және автомобиль иелерінің талаптарына сәйкес сапасы жоғары өнімдер мен қызметтер ұсыну бойынша әріптестік орнатуға бағытталған ортақ мақсаттарының бар екенін растайды.