TotalEnergies компаниясының негізгі мақсаты – өзінің қоршаған ортаға әсерін шектеу үшін өнімдерінің және оларды өндірумен байланысты процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
- өндіріс және тасымалдаудың қауіпсіздігі
- жазатайым жағдайлар мен аварияларды болдырмау және тәуекелдерді бақылау
- қоршаған ауа және су ортасына зиянды қалдықтардың шығарылуын бақылау
- авариялық ластану қатерін қысқарту
- өнімнің бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде қоршаған ортаға әсеріне мониторинг жүргізу
- биологиялық тұрғыдан ыдырайтын өнімдердің есебінен биологиялық түрлілікті қорғау
Жаһанды жылынумен, және сөздің кең мағынасындағы қоршаған ортаның ластануымен байланысты экологиялық проблемалар автомобильдік өнеркәсіптің дамуындағы теңдессіз алға қарғудың себепкері болды. Шығарылатын газдарды тазалау және бақылау қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамадағы көптеген өзгерістерге сәйкестікті қамтамасыз ету үшін шешуші рөлді атқарады. TotalEnergies Lubricants компаниясы нарықтың басқа қатысушыларымен ауқымды ғылыми-зерттеу жұмысын бірлесіп өткізу үшін бірікті, оның нәтижесі болып, мысалы, бүгінгі нарықта құрамында сульфаты күл, фосфор және күкірттің төмен мөлшері бар майлау материалдарының көптеген түрлерінің пайда болуы табылады.
Жаңа майлау материалдарын не үшін пайдалану керек
Еуропалық Одақтің енгізген және мақұлдаған қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамаға өзгерістер енгізудің әсерімен автомобильдер өндірушілері ерекше назарды тазалау саласындағы ғылыми зерттеулерге аударып отыр.
Нәтижесінде дизельдік қозғалтқыштардың қатты заттектердің шығарылуын қысқартуға қабілетті жаңа жүйелер әзірленді – дизельдік күйе сүзгілері (DPF).
Бұл сүзгілердің міндеті – олардың жиналуы бойы арнайы датчиктермен анықталатын бөлшектерді аулау, бұл кезде оларды жағу үшін отынды бүркілуіне бастамашыл болады.
Осындай жаңалықтар өз бетімен-ақ өзінің өнімдерін кейіннен өңдеудің физикалық-химиялық жағдайларына бейімдеуге тура келетін майлау материалдарының өндірушілері үшін жаңа шақыру болып табылады. Ал, бұл өз кезегінде нағыз технологиялық өзгерісті талап етеді: майлау материалдарының өндірісі үшін дәстүрлі түрде пайдаланылатын заттектер жаңа күйе сүзгілерімен нашар үйлеседі.
Экологиялық таза автомобильдер
Бүкіл қалалық автомобильдер бағына арналған инновациялар!
Адамдар тұтынатын энергияның көптеген бөлігі көлік мұқтаждықтары үшін жұмсалады. Озық технологиялармен бірлескен өнімділігі жоғары жүйелер біздің қалаларды таза, ал қозғалу құралдарын – тиімдірек ете түседі.
Мақсат: таза ауа
Жаңа мыңжылдықтың алдында Еуропа халқының 80% қалаларда шоғырланған, бұл жерде көшедегі қозғалу барған сайын қарқындай түсті (және, Еуропалық комиссияның болжамы бойынша, 2030 жылға қарай 40%-ға өседі). Сондықтан көптеген ірі қалалар көлікпен байланысты ластану көлемдерін, мысалы, экологиялық таза автомобильдерді пайдалану есебінен қысқарту мәселесімен айналысуда.
Бүгінгі таңда, жалпы проблеманы шешудің үш жолы бар: отын ретінде сұйылтылған мұнай газын пайдаланатын автомобильдер, сығылған табиғи газбен жүретін автомобильдер және Aquazole түрлі десульфурирленген дизельді отынмен жұмыс істейтін күйе сүзгілерімен жабдықталған дизельдік қозғалтқыштар.
TotalEnergies шешімі: қалалық ортаны ластануына бірегей бақылау жүргізу
Қоршаған ортаны қорғау туралы еуропалық заңнамаға жаңалықтар енгізу алдында TotalEnergies тобы қалалық көлік үшін экологиялық таза автомобильдерді пайдаланатын қалалық көлік компаниялары иелерінің экологиялық, техникалық және экономикалық талаптарына сай келетін бірегей шешім әзірледі.
OSILUB: тұрақты даму үшін революциялық инновациялар
OSILUB жобасы істелген майды қалпына келтіру саласында нағыз жаңалықты атап өтті.
Тұрақты даму және экологиялық жауапкершіліктің бірдей қағидаттарын ұстанатын екі халықаралық топ, TotalEnergies және VEOLIA, OSILUB жаңа жобасының аясында серіктестік туралы келісімге қол қойды.
Жобаның бірінші кезеңі Францияда істелген майды қайта өңдеу бойынша зауыттың құрылысын көздейді (Гавр қ.).
OSILUB қайт өңдеу зауытының үлесіне істелген мотор майының 120 000 т келетін болады, бұл Францияда қалпына келтірілетін барлық майдың жартысын құрайды. OSILUB жобасы басқалардан іске бірегей инновациялық көзқараспен келетіндігімен ерекшеленеді. Бұрынырақ істелген майлар не жанар-жағар май ретінде (көптеген жағдайларда), не қалпына келтіріліп, екінші рет өңделген негізгі майларға айналатын. OSILUB істелген майларды вакумды газойль күйіне дейін қалпына келтіруге, содан кейін жақын жердегі TotalEnergies мұнай өндіру зауытына отын немесе негізгі майларға арналған шикізат ретінде пайдалану үшін жіберуге мүмкіндік береді.