Skip to content

LubAnac диагностикасы

 

Техниканы LubAnac бойынша диагностикалау сізге келесі мүмкіндіктер береді:

  • Техникалық қызмет көрсету шығындарын АЗАЙТУ;
  • Техникалық қызмет көрсетуді қолайлы кезде ЖОСПАРЛАУ және жүргізу;
  • Көлік құралдарының қызмет мерзімін ҰЗАРТУ;
  • Техниканың өнімділігін ЖОҒАРЫЛАТУ және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Майды ауыстыру аралықтарын ОҢТАЙЛАНДЫРУ.

 LubAnac диагностикасының айырмашылығын сезініңіз!  

  • Бағдарлама басталғаннан бері диагностиканың 4 000 000 артық нәтижелері
  • Жылына 200 000 артық талдамалар
  • 470 000 аса диагностикаланған техникалық тораптар мен бөлшектер
  • 40 жылдан аса жұмыс тәжірибесі

 LubAnac диагностикасы әлемнің кез-келген жерінде қол жетімді:

  • Бельгиядағы Эртвельде қаласында автоматтандыру деңгейі өте жоғары ғылыми-зерттеу орталығы орналасқан;
  • Диагностиканың нәтижелері 19 тілде беріледі;
  • Нәтижелерді түсіндіруге техникалық сарапшылар көмектеседі;
  • Зерттеулермен қашықтан танысуға болады;
  • Бірыңғай деректер қоры бар.

Сіздің бизнесіңізге арналған жеке шешімдер 

  ANAC PRO ANAC EXPERT ANAC VISIO ANAC GAS ANAC COOLANT ANAC INDUS
Ауыл шаруашылық техникасы + + + - + -
Авиация - + - - - -
Жүк кемелері + + - - + -
Коммерциялық көлік + + - - + -
Қалалық көлік + + + + + -
Өнеркәсіптік техника - - - + + +
Шағын кемелер + + - - - -
Жол және құрылыс техникасы + + + - + -

 

LubAnac PRO: Сіздің техникалар паркіңізге арналған.

LubAnac соңғы 30 жылда 500 000 астам құрамдас бөліктер туралы ақпаратты бірыңғай деректер қорына жинақтап, қозғалтқыштар мен басқа да техникалық тораптардың 15 000 астам түріне диагностика жүргізді. Осының арқасында LubAnac PRO талмалардың дәл және арнайы бағдарламалық жасақтаманың көмегімен түсіндірілген нәтижелерін ұсынады.

Нәтижелер туралы түрлі-түсті кодтау арқылы берілген есептер өте қарапайым. Ақпаратты қордан толықтыру жүйесін пайдалану көлік құралдарының тозу дәрежесін дәл және уақтылы қадағалауға мүмкіндік беріп, олардың істен шығатыны туралы ескертеді.

LubAnac EXPERT: жағармайлар бойынша сіздің жеке сарапшыңыз.

LubAnac EXPERT – LubAnac деректер қорына негізделген сервис, ол ақаудың себебін анықтауға және жағармайларға қатысты кез-келген сұраққа жауап табуға көмектеседі.

TBN (немесе TAN) және тотығу дәржесін өлшеу, сондай-ақ білікті мамандардың жеке түсініктемелері. LubAnac EXPERT – ең қиын жағдайларда жұмыс істейтін техниканың ақауларын іздеу және қадағалау үшін ұсынылған жан-жақты талдама.

LubAnac Visio: трансмиссияның барлық элементтерінің жағдайын зерттеуге арналған.

LubAnac Visio гидравликалық (мысалы, құрылыс техникасына арналған) және трансмиссиялық майларды диганостикалау мүмкіндігін береді. ANAC зертханасының қондырғылары микроскоппен 5 микронға дейінгі бөлшектерді үлкейтіп қарап, зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай дәлдік майда пайда болған барлық қоспаларды (металл және т.б.) көруге және олардың қайдан шыққанын табуға мүмкіндік береді.

LubAnac өнеркәсіптік қондырғылардың сан-алуан түрлері үшін де бірқатар мамандандырылған зерттеулер жүргізеді.

LubAnac GAS: табиғи газбен немесе биогазбен жұмыс істейтін, өнеркәсіптік піспекті қоғалтқыштарға арналған.

Осы жағдайда жағармайдың құрамын талдау техниканы өндірушінің бөлшектердің тозу дәрежесіне және жағармайлардың сипаттамаларына қатысты ұсыныстары ескеріле отырып жүргізіледі.

LubAnac INDUS: біздің мамандардың барлық техникалық білімдері мен дағдылары сіздер үшін.

LubAnac INDUS жүйесінің негізін TotalEnergies барлық жағармайларының сипаттамалары кіретін, толық деректер қоры құрайды. Бұл кенеттен пайда болған ақауларды жөндеудің орнына, қондырғының істен шығатынын алдын ала біліп, оны жөндеуді жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл қондырғының өнімділігін едәуір арттырады.

LubAnac COOLANT: салқындатқыш сұйықтықтарды зерттеу.

Қозғалтқышты тозудан тек жағармайлар ғана емес, салқындатқыш сұйықтықтар да қорғайды. Сондықтан, LubAnac салқындатқыш сұйықтықтарды дианостикалаудың LubAnac COOLANT бағдарламасын ұсынады.