TotalEnergies компаниясы тамақ өнеркәсібі үшін NEVASTANE арнайы өнімдерінің сан-алуан түрлерін дайындады. NEVASTANE өнімдерін (NSFH1 стандарты) пайдалану, олар тағам өнімдеріне кездейсоқ түсіп кеткен жағдайда тұтынушының қауіпсіздігіне кепілдік береді. TotalEnergies компаниясының жағармайлары ISO 21469 талаптарына да сәйкес келеді. Осы сертификаттау NEVASTANE барлық майларының, консистенттік жағармайларының, аэрозольдерінің және басқа да өнімдерінің белгіленген гигиеналық талаптарға сәйкестігіне кепілдік береді.
NEVASTANE жағармайларының құрамында жануартекті өнімдер, гендік түрлендірілген организмдер және аллергендер жоқ. Оған қоса, түрлі халықтардың мәдени-дәстүрлік талаптарын ескере отырып, NEVASTANE өнімдері KOSHER (кошерлік өнім) және HALAL (халал өнім) ретінде серификатталған.
Біздің өнімдердің ішінде келесі салаларға арналған жағармайлар бар:
- алкогольсіз сусындар өндірісі;
- көкөністер мен жемістерді өңдеу;
- нан өндірісі;
- какао дәндерін өңдеу.