Skip to content

TotalEnergies КОМПАНИЯСЫ KIA КОМПАНИЯСЫ ҮШІН – ЖАҒАРМАЙДЫ ЕҢ БІРІНШІ РЕТ ҚҰЮДАН БАСТАП

Халықаралық ынтымақтастық

Kia Motors Корпорациясы және TotalEnergies Lubrifiants компаниясы 2011 жылдың 22 наурызында ынтымақтастық туралы халықаралық келісімге қол қойды.

Қол қойылған келісімге сәйкес TotalEnergies Lubrifiants компаниясы автомобильді сатудан кейінгі сервистік қызмет көрсету желісінде Kia автомобильдері үшін Kia Motors Корпорациясының мотор майлары мен жағармайларды сату бойынша ұсынылған әріптесі болды.

Kia Motors Корпорациясының сервистік орталықтарының желісі сапасы жоғары Total Quartz мотор майларына, сондай-ақ TotalEnergies Lubrifiants компаниясының маркетинг саласындағы тәжірибесіне қол жеткізеді, ал Kia Motors Корпорациясы осының көмегімен клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартып, оларды көптеп тарта алады.

Total Quartz мотор майлары Kia автомобильдерін пайдалану бойынша нұсқауларда ұсынылған.

Осы ынтымақтастықтағы аса маңызды мәселе екі компанияның да бизнесті дамытудағы ортақ құндылықтарды қолдайтындығы. TotalEnergies компаниясы да Kia Motors Корпорациясы сияқты өнімнің сенімділігіне, техникалық сипаттамаларына және жаңа технологиялық зерттеулерге барынша назар аударады.

Kia Motors Корпорациясы соңғы бірнеше жылда автомобильдерінің дизайны, қауіпсіздігі және инновациялар үшін көптеген жүлделер алып, суырылып алға шықты.

Автомобиль өнеркәсібіндегі тоқырауға және халықаралық қаржылық дағдарысқа қарамастан, соңғы 6 жылда Kia автомобильдерінің сатылуы екі есе өсті.

Kia Motors Корпорациясының таң қаларлық жетістіктерінің TotalEnergies компаниясының техникалық сараптамасымен үйлесуі және бизнесті дамытуға деген ортақ тәсілдеме екі компанияның да одан әрі технологиялық дамуына және рыноктағы орындарының нығаюына бағытталған.