Skip to content

Chevrolet арналған мотор майы

Шевроле үшін қандай мотор майы оңтайлы түрде пайдалануға келеді?General Motors концерн әйгілі машиналарының көптеген иелері осындай сұрақты өздеріне қояды. Chevrolet ТМД нарығын қаныққан деп айтуға болмайды. Онда Орландо минивэн және отбасылық седан Кобальт ұсынылған. Қолданылатын қозғалтқыштар желісі де қарапайым: көлемдері 1,5, 1,8 және 2,0 л бензинді агрегаттар және екі литрлі дизель. 

Төзімді арзан автомобильдер Ресейде Калининградта және Өзбекстанда шығарылады. Үлгілер 5 сатылы механикалық трансмиссиямен немесе 6 сатылы БААҚ жабдықталады. Екі үлгінің де шыққан кезі 10 жылдан аспайтын уақыт бұрын басталған.

Шевроле автомобильдерінде алдыңғы жетек және ілмектердің класссикалық құрамы бар. Олар General Motors компаниясының бұрынғы шығарылған, уақытпен тексерілген автомобильдердің жаңартылған нұсқасы болып табылады.

Түрлі үлгілер үшін керемет  оңтайлы Тотал синтетикалық және жартылай синтетикалық автокөлік майларының кең желісі бар. Қозғалтқыштардың қарапайымдылығына қарамастан кез келген үлгідегі Chevrolet үшін мотор майы белгілі рұқсаттарға сәйкес болуы тиіс. 

Автокөлік иелері моторлары мен БААҚ қызмет ету мерзімін ұзарту үшін мотор және трансмиссиялық май таңдау кезінде өндірушінің ұсыныстарын ескеруі маңызды. 

Тотал ұсынған Chevrolet қозғалтқышының мотор майын біздің сайттағы  «Майды таңдау» арнайы үлгісі арқылы іздестіріп таңдауға болады:  

  • қозғалтқыш типі бойынша; 
  • шығарылған жылы бойынша; 
  • автомобиль үлгісі бойынша. 

Chevrolet қозғалтқышына арналған TotalEnergies мотор майы

General Motors Концерні тұтқырлық сыныбы 0W30 бастап 5W40 дейінгі барлық маусымды майларын Chevrolet үшін оңтайлы май ретінде қолдануға кеңес береді.

TotalEnergies Quartz 9000 0W30

Total Quartz 9000 0W30 әмбебап мотор майында моторлар өндірушілерінің талаптарына жауап беретін жуғыш тетіктерінің қажетті кешені бар.

Олар:

  • моторды таза ұстауға; 
  • максималды ПӘК алуға; 
  • ысу буларының тозу дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді. 

Тұтқырлық индексі «30» майлау материалы қоңыржай климатта жақсы нәтижелер береді және API SL/CF мен ACEA A3/B4 бойынша талаптарды қанағаттандырады. Ол -35°С суық кезінде сенімді қосылуды қамтамасыз етеді.

TOTAL QUARTZ INEO MC3 5W-40

TotalEnergies Quartz INEO MC3 5W40

Шевроле жаңа дизельді қозғалтқышатарына қолдану үшін TOTAL QUARTZ INEO MC3 5W40 майын ұсынамыз. Өнім өндірушінің талаптарына сәйкес келеді және халықаралық  ACEA C3 и API SN/CF стандарттарға жауап береді. QUARTZ INEO MC3 автокөлік майы GM-LL-A-025 и GM-LL-B-025 айрықшаламаларымен кері сыйысымдылығы бар, бұл алдыңғы жылдарда шығарылған Шевроле қозғалтқыштарында майды қолдануға мүмкіндік береді. 

Тұтқырлық индексі «40» QUARTZ INEO MC3 тозуға қарсы және жуғыш қасиеттерге, қышқылдануға деген тұрақтылыққа ие. 

Chevrolet БААҚ арналған май

Шевроле автомобильдерінің алдыңғы жетекті трансмиссиялары үшін Fluide XLD FE базалық майлар негізіндегі БААҚ үшін сұйықтықтарға назар аударыңыз. Синтетикалық технология бойынша  өндіріліп, ол General Motors қатаң талаптарына сәйкес келеді.

FLUIDE XLD FE

TotalEnergies Quartz XLD FE

Трансмиссиялық сұйықтық ретінде Total Fluide XLD FE майын таңдап, сіз БААҚ сенімді жұмысын, діріл мен шулар деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етесіз, сонымен қатар трансмиссиядағы майлау материалын ауыстыру аралығын арттырасыз.