Skip to content

Мотор майын қалай тексеру керек

Адамдардың көпшілігі мотор майын тексеру маңызды емес деп ойлап, оны тексермей жүре береді. Алайда майды тексеру еш қиын емес. Ал майдың болмауы мыңдаған доллар қаражат жұмсалу мүмкін зақымдануға әкеп соқтыру мүмкін. Күрделі бір зақымдану болмау үшін ұзақ сапарға шығу алдында мотор майын тексеру керек. Біз автокөлікті пайдалану кезінде мотор майының деңгейін күн сайын тексеріп отыруды ұсынамыз.

Мотор майын тексеру еш қиын емес.

Біз майдың деңгейін қозғалтқыш суық болып тұрған уақытта таңертең тексеруді ұсынамыз. Себебі бұл уақытта майдың біраз бөлігі қозғалтқыш картерінің түбіне ағып кетеді. Қозғалтқыш картерінің түбі автомобиль қозғалтқышының төменгі жағын құрап, мотор майына арналған резервуар болып табылады. Сізге таза шүберек немесе қағаз майлық, майға арналған банка немесе воронка қажет болады. Біз сонымен қатар қолыңызға бір жолға арналған қолғапты киюді ұсынамыз. Қозғалтқышқа арналған ұсынылған майды ғана пайдаланған жөн. кіріп, сайтымыздан өзіңіздің қозғалтқышыңызға лайық келетін TOTAL QUARTZ мотор майын таңдап алыңыз.

Мотор майын қалай тексеруге болады

1-кезең: Автокөлікті тегіс жерге тұрақтатып, қозғалтқышты өшіріңіз. Қозғалтқыштың суығанына көз жеткізіңіз.

2-кезең: Капотты ашып, тіреп қойыңыз.

3-кезең: Деңгей өлшеуге арналған қуыс бұрғыны табыңыз: оның түсі ерекшеленіп тұрады (әдетте сары, қызыл немесе ақ). Егер Сіз оны таба алмасаңыз, Автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.

4-кезең: Мотор майын тексеру. Қуыс бұрғыны шығарып алып, шүберекпен сүртіп, қуыс бұрғының ұшындағы Максимум және Минимум белгілерін тексеріңіз. Қуыс бұрғы жіберілген соң қозғалтқыш картерінің түбінде майдың ішінде болады.

Мотор майының деңгейін қалай тексеру керек. Қуыс бұрғыны түсіріп, қайта шығарыңыз. Майдың деңгейін тексеріңіз. Егер мотор майының деңгейі МИНИМУМ белгісінен төмен болса, майды толықтырып құю ұсынылады. Майды МАКСИМУМ белгісінен асырып құймаңыз.

Майдың түсі қарай болса да, оның жұмыс сипаттамалары жарамды болуы мүмкін.

Майды толықтырып құю амалы:

  1. Қуыс бұрғыны ешнәрсеге тигізбей, абайлап түсіріңіз де, қозғалтқыштың кірлеген жерін тазалаңыз.
  2. Май құятын ауыздың қақпағын ашыңыз. Ол әдетте, қозғалтқышта болады. Егер Сіз оны таба алмасаңыз, Автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
  3. Таза воронканы пайдаланыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, контейнерді төңкеріңіз.
  4. Майды қажетті мөлшерге дейін құйыңыз.
  5. Қақпақты қайта орнына қойыңыз.
  6. Майдың деңгейі МАКСИМУМ белгісінен төмен екендігіне көз жеткізу үшін майдың деңгейін қайта тексеріңіз. Майдың көрсетілген деңгейден асырылып құйылуы катализатордың зақымдалуына әкеп соқтыру мүмкін. Алдымен, майды аздап құйыңыз. Егер қажет болса, кейін қайта құйыңыз.

Майды қалай тексеру керек: TOTAL QUARTZ мотор майларының пайдаланылуымен «Мотор майын қалай тексеруге болады» деген атаулы бейнетүсірілімді мына жерден қараңыз:

 

Осыдан кейін егер болашақта Сізден таныстарыңыз «Мотор майын қалай тексеруге болады» деп сұрап жатса, бәрін егжей-тегжей айтып беріп, өз көмегіңізді тигізе алатын боласыз.