МАЙДЫ ІРІКТЕУ
Дәл өз автокөлігіңіз үшін майлағыш материалдарды іріктеп алыңыз
Автокөліктің қозғалтқышына әртүрлі компоненттерді майлап, оларды тот басу мен тозудан қорғау үшін май қажет. Сол сияқты автокөлік трансмиссиясы да трансмиссиялы сұйықтық деп аталатын арнайы сұйықтықты қажет етеді.
Беріліс қорабының тиісінше ауысуын және автокөліктің бірқалыпты қозғалуын қамтамасыз ету үшін трансмиссиялы сұйықтықты қарастырылған деңгейде ұстап тұру керек.
Трансмиссиялы сұйықтықты қалай тексеру керек?
1-кезең: Автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз. Автокөлігіңіздің беріліс қорабы механикалық, әлде автоматты ма? Механикалық беріліс қорабының әдетте, қуыс бұрғысы жоқ. Олар зауытта жиналады. Толықтыру қажет етілмейді. Сұйықтық тек жөндеу кезінде ауыстырылады.
2-кезең: Егер беріліс қорабыңыз автоматты болса, беріліс қорабының қуыс бұрғысын табыңыз. Беріліс қорабының қуыс бұрғысының түсі әдетте, қызыл болады (қозғалтқыштың май қуыс бұрғысының түсі сары немесе ақ).
Автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулық Сізге қуыс бұрғыны іздеп, табуға көмектеседі. Жолыңыз болса, оның таңбалауы болады.
- Артқы жетекті автокөліктердің қуыс бұрғысы әдетте, мотор отсекте, жолаушы отыратын жақта қозғалтқыштың артқы бөлігінің қасында орналасады.
- Алдыңғы жетекті автокөліктердің қуыс бұрғысы әдетте, жүргізуші жақта, беріліс қорабының бір жағында орналасады.
Егер Сіз оны таба алмасаңыз, Автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта оны қай жерден іздеу керектігі көрсетілген. Автокөліктердің көбісінде беріліс қорабында қуыс бұрғы болмайды. Сұйықтық деңгейін электрондық құрылғының көмегімен немесе беріліс қорабының корпусынан болтты шығарып алып тексеруге болады. Толықтай жабық беріліс қорабындағы сұйықтық деңгейін тексеру күрделірек процесс болып табылады. Орташа статистикалық автокөлік әуесқойының трансмиссиялы сұйықтықты деңгейін тексеру үшін қажет біліктілігі жоқ. Егер Сіздің автокөлігіңізде қуыс бұрғы болмаса, трансмиссиялы сұйықтықтың деңгейін тексеру үшін беріліс қорабын қарайтын қасыңыздағы шеберханаға немесе дилерге жолығыңыз. Мұны мотор майын ауыстырған уақытта жасаған жөн. Егер көлігіңізде беріліс қорабының қуыс бұрғысы бар болса, трансмиссиялы сұйықтықты үнемі тексеріп тұру қажет.
3-кезең: Трансмиссиялы сұйықтықтың деңгейін қалай тексеру керек? немесе Трансмиссиялы майдың деңгейін қалай тексеру керек?
Қуыс бұрғыны шығарып алып, таза шүберекпен сүртіңіз де, қуыс бұрғыны қайта түсіріп, шамамен 5 секунд күтіңіз. Осыдан кейін қуыс бұрғыны қайта шығарып алып, сұйықтық деңгейін тексеріңіз. Қажет болса, сұйықтықты толтырып құйыңыз. Әрдайым өндіруші ұсынған сұйықтықты қолданыңыз. Қуыс бұрғымен деңгейін тексеріп қарап, сұйықтықты аз-аздан толтырыңыз. Трансмиссиялы сұйықтықты толтырған оңай, бірақ егер Сіз сұйықтықты көп құйып жіберсеңіз, оны қайта төккен оңай емес. Егер беріліс қорабына көбірек сұйықтық кварта керек болса не болмаса егер ол сұйықтықты тиісінше деңгейден артық жұмсаса, автокөлікті ағылуға тексеру керек.
Трансмиссиялы сұйықтықты дұрыс тексерудің реті қандай? Трансмиссиялы сұйықтықты иісі мен түсіне қарай тексеруге де болады.
Түс трансмиссиялы сұйықтықтың жұмыс сипаттамаларының маңызды көрсеткіші болып табылады. Қалыпты трансмиссиялы сұйықтық жартылай мөлдір, ашық қоңыр түсті болып келеді. Автокөліктің беріліс қорабына (ATF) арналған сұйықтықтың түсі қою қызыл түсті болады. қою қызыл немесе қоңыр түс сұйықтықты ауыстыратын кездің жеткенін білдіреді. Егер сұйықтықтан күйіктің иісі шықса немесе арасында бір заттар болса, беріліс қорабына техникалық қызмет көрсету ұсынылады.
Беріліс қорабына техникалық қызмет көрсету дегеніміз нені білдіреді? Бұл трансмиссиялы сұйықтықты құю алдындағы сүзгінің ауыстырылуын білдіреді.
Отбасыңыз Трансмиссиялы сұйықтықтың деңгейін қалай тексеру керек? немесе Трансмиссиялы майдың деңгейін қалай тексеру керек? деп сұраған уақытта бұл жөніндегі көп нәрсе білетініңізді айтып, жақындарыңызды таң қалдырыңыз
Автоматты беріліс қорабының сұйықтығы берілісі қорабы автоматты автокөліктерге арналған сұйықтық болып табылады. Әдетте, оның түсі қызыл немесе жасыл болады.
Автоматты беріліс қорабының сұйықтығы трансмиссияның «қаны» болып табылады. Сұйықтық беріліс қорабаның жұмысына қажетті гидравликалық қысым өндіреді. Оған қоса, ол беріліс қорабының компоненттерін суытып, майлайды. Сұйықтық деңгейі төмен болған уақытта сорғы ауаны жүйеге қарай тарту мүмкін. Гидрожүйеде ауаның болуы автоматты беріліс қорабында сұйықтықтың тиісті ағысын бұзады. Трансмиссиялы сұйықтық аз болған уақытта зақым келу мүмкін.
Қуыс бұрғысы бар беріліс қорабына келер болсақ, тексеру процедурасы жоғарыда сипатталған процедурамен бірдей болып келеді. Ford, Toyota, GM сияқты көпшілік автокөліктердің және өзге де автокөліктердің сұйықтық деңгейін тексеру үшін автоматты беріліс қорабының қуыс бұрғысы болмайды. Өндірушілер автоматты беріліс қораптарынан қуыс бұрғыларды алып тастауда. Ертеректе шығарылған моделдерге қарағанда жаңарақ беріліс қораптарының конструкциясы күрделірек болып келеді, трансмиссиялы сұйықтықтың деңгейінің мәні де жоғарырақ болады. Автоматты беріліс қораптарындағы сұйықтықтың деңгейін тексеру үшін мұндай модельдер үшін арнайы процедуралар қажет.