Қоспалар және жанармайлар AdBlue деген не?

 

AdBlue® 32,5% карбамидтен (несеп қышқылынан) және 67,5% минералсыздандырылған судан тұратын ерітінді.

AdBlue® өнімі ауыр жүк көліктері, автобустар, қоқыс тасымалдау көліктері сияқты SCR (іріктелген катализаторлық тотықсыздандыру) технологиясы бар көлік құралдарында пайдаланылады. Осы өнімді пайдалану ластағыш заттардың 85%-ын (азот тотықтарын) су буына және азоттың қауіпсіз тотықтарына айналдыруға мүмкіндік береді.

Өнімнің артықшылықтары:

Өнімнің сапасы жоғары, оны өндірудің және жеткізудің барлық кезеңдерінде мұқият бақылау жүргізіледі. AdBlue® өнімдерін сататын техникалық қызмет көрсету стансаларының екі желісі: сыйымдылығы 10 л ыдыстармен сататын TotalEnergies желісі және жүк көліктеріне қызмет көрсетуге маманданған AS24 еуропалық желісі бар.

Анықтама үшін:

2006 жылдан бастап шығарылған барлық жүк көліктері AdBlue® өнімі қолданылатын катализатор жүйесімен жабдықталады.

Биологиялық ыдырайтын, суда еритін, улы емес, түссіз AdBlue® өнімі –11°C температурада кристаллданады және 80°C температурада аммиакқа ыдырайды (40°C температурадан бастап аз мөлшерде аммиак түзіле бастайды).

МАЙЛАҒЫШ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ КАТАЛОГЫ

TotalEnergies мотор майларының каталогы

Көбірек білу