Skip to content

Тежеуіш сұйықтығы туралы түсінік

Тежеуіш сұйықтығы дегеніміз не және біз оны неліктен пайдаланамыз?

Тежеуіш сұйықтығы – бұл автомобильдің тежеуіш жүйесінің ішіндегі күшті беру үшін қолданылатын гидравликалық сұйықтық түрі. Сіз тежеуіш басқышын басқан кезде ол сіздің автомобиліңіздің тоқтауын қамтамасыз етеді.

Тежеуіш сұйықтығы кез келген гидравликалық сұйықтық сияқты сығылмайды. Бұл тежеуіш жүйесінің бір ұшында қысым пайда болған кезде тежеуіштің басқышын басқаннан автомобильдің тежеуіш магистраліндағы сұйықтық контурдың бойымен қозғала бастайды деген сөз. Мұндай жағдайда алдымен күш тежеуіштердің вакуумдық күшейткішіне, содан кейін автомобильдің тежеуіш дискілеріне басылатын тежеуіш қалыптарына беріледі де, автомобиль тоқтап қалады.

Сондықтан тежеуіш сұйықтығы – сіздің автокөлігіңіздің маңызды компоненті болып табылады. Тежеуіш сұйықтығының сапасын нашарлататын нәрсенің барлығы, мысалға, ауадан сіңіріп алынатын ауа, сұйықтықтың жұмыс сипаттамаларына керіс әсер тигізіп, ақырында автомобильдің тоқтауына кедергі жасауы мүмкін.

Нарықта тежеуіш сұйықтығының қандай түрлері бар?

Сіз тежеуіш сұйықтығының екі түрін кездестіре аласыз. Олар DOT 4 және DOT 5. DOT 4 - бұл этиленгликоль негізіндегі тежеуіш сұйықтығы, ал DOT 5 – силикон негізіндегі тежеуіш сұйықтығы. DOT 5 тежеуіш сұйықтығының бір ерекшелігі, ол суды сіңіріп алмайды және қайнап кеткенге дейін анағұрлым жоғары қысымға төзе алады.

Көрсеткіштің анағұрлым жоғары болуы тежеуіш сұйықтығында маңызды фактор болып табылатын қайнау температурасының жоғарырақ болатынын білдіреді. Гидравликалық сұйықтықтардың өз функциясын сығылмайтындығының арқасында орындайтынын ұмытпаған жөн. Тұйық контурдағы сұйықтыққа қысым қолданған кезде, бұл сұйықтықтың көлемі азаймай, қозғала бастайды. Алайда мұндай құбылыс сырттан қысым қолданғанда көбінесе сығылып қалатын газда байқалмайды.

Бұл тежеуіш сұйықтығының үнемі сұйық болып тұруының және қайнамау керектігінің маңыздылығын көрсетіп отыр. Сонымен қатар бұл егер Сіз тежеуіш жүйесіне нәтижесінде тежеуіш сұйықтығының температурасы өсе бастайтын жоғарырақ қысым қолдануды көздеп отырған болсаңыз, Сізге қайнау температурасы жоғарырақ болып табылатын DOT 5 тежеуіш сұйықтығын таңдау керектігін білдіреді.

Тежеуіш сұйықтығын қаншалықты жиі ауыстыру қажет?

Негізінен, тежеуіш сұйықтығын жылына бір рет немесе екі жылда бір рет ауыстыру керек. Бұл орайда ауыстыру жиілігі автомобиліңізді шығарған өндірушінің ұсынымдарына да байланысты болады.

Жиі кездесетін мәселе туралы айтар болсақ, оған ауадан сіңіріп алынатын ылғалды жатқызуға болады. Тежеуіш сұйықтығының құрамындағы су сұйықтықтың қайнау температурасын төмендете алады, соның нәтижесінде тежеуіш жүйедегі қысым төмендеуі және жоғарыда көрсетілген себептермен жұмыс сипаттамалары нашарлауы мүмкін. Одан басқа, ылғалдың тежеуіш жүйенің басқа компоненттерінің коррозиясын тудыру ықтималдығы жоғары.

Тежеуіш сұйықтығы ескірген сайын оның ашық қоңыр түсі қарая береді. Ылғалдың тежеуіш сұйықтығына түсуі де осындай нәтижеге алып келуі мүмкін. Демек, тежеуіш сұйықтығының қараюы оны ауыстыру керектігінің белгісі болып табылады. Сондай-ақ Сіз тежеуіш сұйықтығының құрамындағы ылғалдың мөлшерін кез-келген уақытта білікті мамандарға апарып біле аласыз.

Тежеуіш сұйықтығын өзім ауыстыра аламын ба?

Негізінен, тежеуіш сұйықтығын өз бетіңізше ауыстыруға әрекет жасағаннан гөрі, білікті маманға апарып ауыстыртқаныңыз жөн. Ескірген тежеуіш сұйықтығының барлығын жүйеден төгіп тастау керек. Бір айта кететіні, тежеуіш сұйықтығы қолданған кезде ерекше сақтықты талап ететін материалдарға жатады. Ауыстыру кезінде тежеуіш сұйықтығының белгіленген түрлерін араластырмаудың маңызы зор. Мысалы, этиленгликоль негізіндегі тежеуіш сұйықтығын силикон негізіндегі тежеуіш сұйықтығымен араластырған жағдайда  соңғысының жұмыс сипаттамалары нашарлауы мүмкін.