Silk Way Rally - ұлы сынақ

Бағзы дәуірдің көптеген елінің басын қосқан Ұлы Жібек жолының атақ-даңқы оның шетсіз-шексіз созылып жатқандығымен байланысты еді. Жүздеген жылдар өткен соң аңыз жаңа кейіпте қайта дүниеге келді. Үш мемлекет, 11 мың шақырым, қатысуға өтініш білдірген 300-ден астам команда – біз автоспорт әлеміндегі ең беделді шаралардың бірі туралы айтып отырмыз. «Жібек жолы» жарысы тұңғыш рет 2009 жылы өткен болатын. Осы күнгі жол бағдарының ұзындығы Париж – Дакар раллиінің рекордын бұзды.

Қатысушылар Мәскеудегі Қызыл алаңдғы сөреден салтанатты түрде жарыс жолына шығып, Еуразия даласына бағындырмаққа бет алды. Бірінші кезеңге Қазандағы арнайы дайындалған, ұзындығы екі шақырым болатын құмды аймақ кірді. Мұннан шыққан соң жарысушылар қара жолмен «КАМАЗ-дың» отаны Башкирияға жетіп, үзіліс жариялап, демалды. Осыдан кейін олар Қазақстанның шексіз даласын кесіп өтіп, елдің бас қаласына жетті. Астанадан экипаждар Балқашқа, Балқаштан Алматыға бет алды. Бұл раллидің ең ұзын, сонымен қатар ең әдемі кезеңдерінің бірі болды. Қатысушылардың қарқыны жиі өзгеріп, жолда қара топырақ пен құм кезектесіп отырды, ара-тұра кеуіп қалған өзен арналарын, шөпті-тасты жерден, сарқырамалардан өтуге тура келді. Жылдамдық өсіруге болатын жерлерде қатысушылар арасындағы күрес күшейе түсті. Пилоттарға бар талантын көрсетуге, ал штурмандарға бүкіл ынтасымен жолды бақылауда ұстап отыруға тура келді. Есесіне оңтүстік астанада олар бүтіндей бір күн демалды, алматылықтар жылы лебізмен қарсы алды.

Silk Way Rally

 

Жолдың жартысы артта қалды, алда талай қызық күтіп тұр. Теңіз деңгейінен 2 мың метр жоғары биіктіктегі таулы бағдарлардан, шұбалаң жолдар мен өткелі қиын аймақтардан кейін жарысқа қатысушылар тағы бір күрделі кезеңге бетпе-бет келді. Оларды шөл дала күтіп алды. Құмды жолсыз аймақ, көз ілеспейтін жылдамдықпен ауысып отыратын ландшафт, тұмса табиғат және соңғы кезеңдердің бірінің өзен сағасында басталуы, құм төбелер, ара-тұр бір кездесетін өсімдік атаулы және мәре алдындағы жанталасқа толы жарыс. Аспан асты елінің астанасы жеңімпаздарды Қызыл алаңдағы сөреден екі апта өткен соң барып қарсы алды.

Silk Way Rally

 

«Жібек жолы» раллиінің жеңімпаздары

TotalEnergies Peugeot (Франция) командасының өкілі Сериль Депре серіктесі Давид Кастермен бірге жол талғамайтын көліктер санатында бірінші орынға ие болды.

XRAID (Ресей) командасының өкілі Язид Аль-Раджи жалпы есепте Серильден 25 минутқа қалып келіп, екінші орын алды.

G-Energy (Ресей) командасының атынан қатысқан Владимир Васильев пен Константин Жильцов үшінші орыннан, ал XRAID (Германия) командасының жүргізушілері Хант Харри мен Андрэс Шульц төртінші орынан көрінді.

Отандастарымыз, ASTANA Motosport (Қазақстан) командасының өкілдері Айдын Рахымбаев пен Антон Николаев жалпы есепте бесінші орынға табан тіреді.

KAMAZ-master (Ресей) командасының атынан шыққан Айрат Мардеев, Беляев Айдар және Свистунов Дмитрий жүк көліктері есебінде бірінші орын алды.

Екінші орынға олардың әріптестері Дмитрий Сотников, Руслан Ахмадеев және Романов Иван ие болды.

Құрамына Ван ден Бринк Мартин, Данил Козловский және Питер Вильемсон кіретін RENAULT (Чехия) командасы үшінші орыннан көрінді.

Silk Way Rally
Silk Way Rally

 

Peugeot TotalEnergies жарыскерлерінің оңтүстік астанаға сапары

Алматы қаласына сапары барысында Peugeot TotalEnergies командасы Silk Way ралли-рейдіне қатысу аясында баспасөз-мәслихатын өткізді. «Дакар» раллиіндегі жеңіс саны бойынша рекорд иесі Стефан Петрансель, классикалық раллиден әлемнің тоғыз дүркін чемпионы Себастьен Лёб, мотоциклмен «Дакарды» бес мәрте ұтқан Сириль Дипре және команда директоры Бруно Фамэн жарыс барысында бастан өткерген сезімдері жайлы әңгімелеп, Peugeot автокөліктерін басқару тәжірибесімен бөлісті.

 

Шыдамды автомобиль мен спортшылардың шеберлігі мұндай қиын жолды бастан-аяқ жүріп өтуде маңызды рөлге ие. Бұл жылы «Жібек жолы» раллиінде жеңіске жету үшін үш Peugeot TotalEnergies экипажы өнер көрсетуде. «Жаугер жолдастар» атты айтарлықтай жақсартылған сериялық автомобильдер бұл жылы қауіп-қатерге толы «Дакар» ралли-марафонында сынақтан өтті, ал қатысушылар жеңіске жетпей қоймаймыз деп ниет білдіріп отыр. «TotalEnergies Marketing Kazakhstan» бас директоры Заза Канделаки командаға сәттілік тілеп, TotalEnergies компаниясының сенімді серіктес атануға әрқашан әзір екенін жеткізді.

МАЙДЫ ІРІКТЕУ

Дәл өз автокөлігіңіз үшін майлағыш материалдарды іріктеп алыңыз

Іріктеу

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БОЛСА

Байланыс жасау ақпараты

Бізбен хабарласың