Skip to content

Париж елестеткеннен гөрі жақынырақ

 

Париж елестеткеннен гөрі жақынырақ!

15 сәуірден 31 мамырға дейін TotalEnergies мотор майын сатып алып, 70% дейін кепілді жеңілдік алып Парижге сапарды ұтып алыңыз.​

Ол үшін қарапайым төрт қадам жасаңыз:​

  1. Акциондық стикері бар TotalEnergies мотор майын сатып алыңыз.
  2. Скретч қабатты өшіріп,“код [бос орын] сатушының ID [3 таңбалы ID]” үлгісі бойынша 1213 нөміріне смс* арқылы кодты жіберіңіз [мысалы TL16RT6 111]**.
  3. Жауаппен келген хабарламаның ішіндегі 600-4000 теңгеге тең КЕПІЛДІ жеңілдікті алып, сатушыға көрсетіңіз.
  4. Стикерді жеңілдікке айырбастаңыз да, екі адамға арналған Парижге сапар ұтыс ойынына қатысыңыз.***

«Париж елестеткеннен гөрі жақынырақ!” АКЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ​

1. «Париж елестеткеннен гөрі жақынырақ!” акциясына Тапсырыс беруші және Ұйымдастырушы. «Париж елестеткеннен гөрі жақынырақ!” (әрі қарай мәтін бойынша Акция) акциясының Ұйымдастырушысы «Urban Media» («Урбан Медиа») ЖШС (әрі қарай мәтін бойынша Ұйымдастырушы) болып табылады.
«Париж елестеткеннен гөрі жақынырақ!” Акциясына Тапсырыс беруші - «TOTAL Marketing Services Kazakhstan» ЖШС (әрі қарай мәтін бойынша Тапсырыс беруші).

2. Акцияның қатысушылары. Акцияға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, осы Ережелердің 3-т. көрсетілген Өнімнің тұтынушылары болып табылатын, осы Ережелердің 7.1.-тармақша. қарастырылған конклюденттік әрекеттер реттілігін жасаған, осының нәтижесі промо-кодты СМС арқылы тіркеу болып табылады, жасы 18 (он сегіз) және одан жоғары жастағы Қазақстан Республикасының әрекет етуге қабілетті азаматтары қатыса алады (жоғарыда және әрі қарай осы Ережелердің мәтіні бойынша «Қатысушылар» деп аталады).
Акцияға Тапсырыс берушінің және Ұйымдастырушының қызметкерлері, Акцияны өткізуге жұмылдырылған олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері акцияға қатыса алмайды. Акцияға толық 18 жасқа толмаған азаматтар қатысқан жағдайда, Ұйымдастырушы оларды Акцияға қатыстырудан бас тартуға құқылы.

3. Акцияның мақсаты. Осы Акция «Total Quartz» сауда белгісінің мотор майларын сататын сауда орындарымен өзара әрекеттесуді дамытуға, сондай-ақ «Total Quartz» өнімдерінің сату көлемін тікелей арттыруға байланысты белгілі бір маркетингтік мақсаттарға жетуге бағытталған ынталандырушы іс-шара ретінде өткізіледі.

4. Акцияның өткізілу аумағы. Акция Қазақстан Республикасында Алматы қ. аумағында өткізіледі: «Тұлпар», «Жібек Жолы», «Car city», «Кенжехан» базарларында және акцияға қатысатын «Total QUARTZ» өнімдері ұсынылған басқа да сауда орындарында (әрі қарай – СО), қала ішіндегі жеке СО, қала сыртындағы СО (Қаскелен қ., Өтеген батыр к., Талғар, Қарғалы а., Есік қ., Боралдай а., Қапшағай қ., Құлжа тас жолы 43 км.) қоса алғанда.

5. Акцияның өткізілу кезеңі. Акцияның өткізілу кезеңі: 2017 жылдың 15 сәуірі – 2017 жылдың 30 мамыры (қоса алғанда).
Акциялық стикерлерді активтендіру мерзімі: 2017 жылдың 15 сәуірі (00:01) мен 2017 жылдың 30 мамыры (23:59) аралығы;
Бас жүлде Ұтыс ойынын өткізу мерзімі: 2017 жылдың 12 маусымы;
Акцияның Жеңімпазы туралы мәліметтер жариялау мерзімі: 2017 жылдың 23 маусымы;
Акцияның бас жүлдесін беру мерзімі: 2017 жылдың 12 маусымы мен 18 шілдесі аралығы (қоса алғанда).

6. Акцияның жүлде қоры. Акцияға қатысу арқылы, Қатысушы келесі жүлделердің иесі болуы мүмкін:

  • - «TotalEnergies» мотор майының акциялық канистріне* 600, 1200, 2000 немесе 4000 теңге көлемінде жеңілдік.
  • - Бас жүлде: Франция, Париж қ. 3 күнге 2 адамға саяхат.
  • *акциялық канистр қорғаныш қабаты бар арнайы стикер түріндегі (әрі қарай стикер/акциялық стикер) жапсырмасы бар «TotalEnergies» мотор майының канистрі болып табылады.

7. Акцияға қатысу шарттары.

7.1 Акцияға қатысу үшін Қатысушы:

  • а) «TotalEnergies» мотор майының акциялық канистрін сатып алуы қажет;
  • б) сатып алған сәтте канистрдегі қорғаныш қабатты өшіруі және стикер астынан бірегей 7 таңбалы промо-кодты табуы қажет;
  • в) сатушыдан сатушының ID алуы қажет;
  • г) промо-кодты активтендіруі қажет. Промо-кодты активтендіру үшін 1213 қысқа нөміріне sms-хабарлама жіберуі: «Промо код (Бос орын) сатушының ID (3 таңбалы ID)»;
  • д) жауап хатта теңгемен көрсетілген жеңілдік көлемін алуы қажет;
  • е) сатушыдан стикерді теңгемен көрсетілген жеңілдік сомасына айырбастауы қажет;
  • ж) промо-кодты дұрыс активтендірген сатып алушы автоматы түрде Бас жүлде ұтыс ойынының қатысушысы болады.

7.2 1213 қысқа нөміріне sms-хабарлама жіберу тегін, бір телефон нөмірінен 2 (екі) промо-кодтан артық активтендіруге болмайды. Егер Қатысушы 2 (екі) промо-кодты активтендіргісі келсе, қатысушы оларды қысқа нөмірге осы Ережелердің 7.1.-тармағының в)-тармақшасында көрсетілген форматқа сәйкес бөлек-бөлек жіберуі қажет.

8. Жүлделерді беру шарттары.

8.1. Жеңілдік сомасы Қатысушының сатып алу сәтінде промо-кодты активтендіргенінен кейін СО беріледі және СО сатушысы 2017 жылдың 15 сәуірі мен 2017 жылдың 30 мамыры аралығын қоса алғандағы кезеңге берілген стикерге айырбастайды.

8.2 Қатысушы стикерлерді және Қатысушының алған жеңілдігі туралы sms-хабарлама деректерін осы Ережелердің 8.1.-т. көрсетілген мерзімнен кешіктіріп көрсеткен жағдайда, Қатысушыға жеңілдік сомасы берілмейді.

8.3 Бас жүлде ұтыс ойыны Акция кезеңінде промо-кодтарды дұрыс активтендірген сатып алушылардың барлық телефон нөмірлері арасында өтеді.

8.4 Бас жүлде ұтыс ойыны Тапсырыс беруші мен Ұйымдастырушының өкілдерінен, нотариустан тұратын арнайы комиссия мүшелерінің қатысуымен, дұрыс активтендірілген және ұтыс ойынына жіберілген телефон нөмірлері арасынан кездейсоқ сандар генераторының көмегімен телефон нөмірін кездейсоқ таңдау әдісімен өткізіледі. Ұтыс ойыны барысында бір негізгі және үш резервтік жеңімпаз анықталады.

8.5 Акция Жеңімпаздарына хабарлау 2017 жылдың 23 маусымында Жеңімпаздар тізімін https://kz.totalenergies.com/ сайтына орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

8.6 Бас жүлде – Парижге екі адамға бір жолдама: 2017 ж. 18 шілдесі мен 2017 жылдың 21 шілдесі аралығындағы кезеңде ұшып бару-ұшып келуді, мейманханада тұруды, қала ішіне саяхаттауды, белгілі бір орында 3-реттік тамақтануды, әуежай-мейманхана-әуежай трансферін қамтиды.
Осы тармақта көрсетілгендерді қоспағанда, барлық қалған шығынды Акция Жеңімпазы және/немесе оны алып жүретін тұлға көтереді.

8.7 Бас жүлдені алған кезде Қатысушы міндетті түрде Ұйымдастырушының өкілдеріне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және жүлдені қабылдау-тапсыру актісін толтыруға қажетті деректерді береді:

  • Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, жасы;
  • Қала коды көрсетілген Қатысушының байланыс телефоны;
  • Алған жүлденің түрі (Бас жүлденің атауы);
  • Қатысушының Акция Ережелерімен танысқанын және келісетінін растайтын, жүлдені алғанын растайтын, осы Акцияның мақсаттары бойынша оның жеке деректерін пайдалануға берген келісімін растайтын жеке қолы.

8.8 Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер және/немесе осы Ережелерде қарастырылған шарттарды Акция Қатысушысының орындамауының өзге фактісі орын алған жағдайда, Ұйымдастырушы өз білгенінше Акция Қатысушысына жеңілдікті және/немесе Бас жүлдені беруден бас тартуға құқылы.

8.9 Акция Жеңімпазы және оны алып жүретін тұлға ҚР қолданыстағы шетел төлқұжатының иесі болулары тиіс.

8.10 Жеңімпаздардың қалауы бойынша жүлделерді жүлделердің басқа түріне ауыстыруға, сондай-ақ жүлдені алу құқығын өзге тұлғаға беруге рұқсат етілмейді.

8.11 Акция Қатысушысының Акция Ұйымдастырушысынан Бас Жүлденің ақшалай баламасын алуды талап етуге құқығы жоқ.

8.12 Акцияға Тапсырыс беруші мен оны Ұйымдастырушы Бас Жүлде Жеңімпаздарының алдында келесі жағдайлар үшін жауапты болмайды:

8.12.1 ұшақ сапарына кешіккені үшін (халықаралық сапарларға тіркелу ұшақ билетінде көрсетілген ұшу уақытына дейін 3 сағат бұрын басталады);

8.12.2 елшіліктің/консулдықтың Жеңімпазға және/немесе оны алып жүретін тұлғаға кіру визасын беруден бас тартқаны үшін, елшілік/консулдық қабылдайтын шешімдер үшін, құжаттарды беруді кешіктіргені үшін;

8.12.3 уәкілетті мемлекеттік органдардың Жеңімпазға және/немесе оны алып жүретін тұлғаға Қазақстанның және/немесе келген елінің мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінен бас тартқаны үшін немесе соңғысы(-лары) шетел төлқұжатын ресімдеудің белгіленген тәртібін бұзған, қажетті құжаттарды жоғалтып алған/болмаған, Қазақстан Республикасының және/немесе келген елінің кеден заңнамасын бұзған жағдайда ықпалшара қолданғаны үшін; соттың немесе ҚР сот орындаушыларының шет елге шығуға тыйым салуы туралы қаулы бойынша;

8.12.4 Жеңімпаздың және/немесе алып жүруші тұлғаның әуе компаниясының ұшу ережелерін бұзуы, алкогольдік, есірткілік, токсикомания әсерінде болуы және/немесе денсаулық жағдайы нәтижесінде ұшақ сапарына отыруы мүмкін болмаған жағдайда.

8.12.5 ҚР және де келген елінің аумағында орын алатын форс-мажорлық жағдайлар (табиғи апат, соғыс, лаңкестік әрекет, індет және т.с.с.) нәтижесінде.

8.13 Тапсырыс беруші Акция Жеңімпазы және оны алып жүруші тұлға өз білгендерінше және/немесе Акцияға Тапсырыс берушінің/Ұйымдастырушының жағдайына байланысты емес себептер бойынша пайдаланбаған қызметтер құнының орнын толтырмайды.

8.14 Егер Акция Жеңімпазы Жүлдеден бас тартса және/немесе Акцияға Тапсырыс берушінің/Ұйымдастырушының жағдайына байланысты емес кез келген жағдайлар бойынша Бас жүлдені пайдалану мүмкіндігінен айырылса, онда комиссия қайта іріктеу арқылы резервтік жеңімпаздар ішінен жаңа Жеңімпазды анықтауға және Жүлдені соған тапсыруға құқылы.

8.15 Сапардың уақыты мен күні Бас жүлде Жеңімпазының қалауы бойынша өзгертілуі мүмкін емес және оны Тапсырыс беруші хабарлайды.

9 Жеке деректер.

9.1 Акцияға қатыса отырып, Қатысушы оның жеке (дербес) деректерін (соның ішінде ұялы телефон нөмірін) өңдеуге, жинауға, сақтауға және пайдалануға, соның ішінде осы Акцияны өткізу мақсатында, сондай-ақ нарықты зерттеу мақсаттарында Ұйымдастырушының/Тапсырыс берушінің және/немесе олар уәкіл еткен ұйымдардың деректерді шектеусіз мерзімге трансшекаралық беруіне автоматты түрде келіседі.

9.2 Ұйымдастырушы мен Акцияға Тапсырыс беруші жеке деректердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес пайдаланылатынына кепілдік береді.

10 Қосымша шарттар

10.1 Акцияға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушының/Тапсырыс берушінің жарнамалық мақсаттарда оның фото/бейнекөріністерін ақысыз негізде пайдалануына автоматты түрде келіседі.

10.2 Қатысушылар Акцияға қатысқандары туралы, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарнамалық сұхбат беруге, сондай-ақ бейне- және графикалық жарнамалық материалдар жасау үшін түсірілім жасауға келіседі, оған қандай да бір сыйақы төленбейді.

10.3 Ұйымдастырушы СО немесе https://kz.totalenergies.com/ сайтында хабарлау арқылы Акция шарттарын, өткізілу мерзімдерін өз білгенінше өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

10.4 Акцияға қатысу Қатысушының осы Ережелермен автоматты түрде танысқанын және келіскенін білдіреді.