Фольксваген Туарег – бұл қалада және жол талғамайтын аймақта қозғалыс еркіндігі. Күшті қуат беру қондырғысы үлкен арақашықтықтарды қысқа мерзім ішінде өтуге, сондай-ақ, орман жолдарынан, төбелерден, ойлы-қырлы жерлерден максималды жүктемемен өтуге мүмкіндік береді.
Автомобильдің екі буыны өз сенімділігін дәлелдеді. Машина қуат беру агрегаттарының үш нұсқасында шығарылады: бензин, дизель және тіпті гибридтік қондырғы.
Бензиндегі орташа шығын 10,4, дизельде 7,4, бірақ армандаған көлікті жүргізу кезінде сандарға кім қарайды! Гибридтік модификация барлық елдерде сатыла бермейді. Оның артықшылығы – үнемділікпен үйлесетін 379 а.к. дүрліктірер қуаттылығы.
Фольксваген Туарег қозғалтқышына құйылатын май – бұл сапасы ең жоғарғы ғана міндетті түрде синтетикалық май. Өздерінің ауқаттылығын дәлелдеген нұсқалардың шолуы төменде келтірілген.
Volkswagen Touareg құйылатын май – сарапшылардың кеңестері
TotalEnergies QUARTZ 9000 ENERGY 0W30
Аязды қыс және ыстық жаз – TOTAL QUARTZ 9000 ENERGY 0W30 майы үшін қиындық туғызбайды. Май өндірушімен мақұлданған және қозғалтқыштарда сыналды. Күшейткіш қоспалардың кешені төмендегілерге мүмкіндік береді:
- тозуды азайтуға және ресурсты ұзартуға;
- тотығуға қарсы төзімділіктің арқасында айырбастау ресурсін ұзартуға;
- дисперцияланатын компоненттердің көмегімен қуаттылықты сақтауға;
- аяздағы және ыстықтағы аққыштық қасиетін сақтауға.
TotalEnergies QUARTZ 9000 5W40
Volkswagen Touareg құйылатын қоңыржай қысқа және ыстық жазға арналған мотор майы – бұл TOTAL QUARTZ 9000 5W40. Бензиндік және дизельді агрегаттар үшін жарамды және өндірушімен мақұлданған. Қосалқы артықшылықтарын тезис күйінде тұжырымдауға болады:
- тозуға қарсы қорғаныстың жоғары дәрежесі;
- ішкі элементтерді тазалықта сақтау;
- айырбастаудың ұзартылған аралықтарына қойылатын талаптарға сай келу;
- ырғақты жүргізуге де, жоғары жылдамдықта жүргізуге де жарамды.
Берілістер қорабын сақтау үшін Фольксваген Туарегге қандай майды құю қажет?
TotalEnergies FLUIDMATIC MV LV
Фольксваген Туарег трансмиссиясының кемшілігі – бұл қызып кетуі және істен шығуы. Агрегатты айырбастау 150-180 мың рубль сомасына тартады. Берілістер қорабының сенімді қорғанысы – бұл TOTAL FLUIDMATIC MV LV майы. Негізгі артықшылығы – термиялық тұрақтылығы. Бұл берілістердің айқын ауысуына, пайдаланудың ең қарқынды шарттарындағы бірқалыптылыққа кепілдік береді.
Қосымша түрде қоспалар төмендегі жағдайларда көмектеседі:
- агрегат ресурсін ұзартуға;
- үйкелісті және саңылауларды болдырмауға;
- айырбастау аралығын арттыруға, осылайша ұзақ мерзімді кезең ішінде үнемдеуге.
Біздің ресми дистрибьюторларымызға хабарласыңыз және техникалық сұйықтықтарды өзіңіздің Фольксваген Туарег параметрлеріңізге сәйкес таңдаңыз. Жол талғамайтын көлігіңіздің сенімділігін, қуаттылығын және қарқындылығын сақтаңыз.