Skip to content

03/10/2016 News

TotalEnergies мен KIA серіктестігін жалғастырады

 

KIA Motors корпорациясы және TotalEnergies Lubrifiants жақында стратегиялық серіктестік туралы келісімін ұзартты. TotalEnergies алдағы 5 жыл бойы KIA автмобильдері үшін жағармай материалдарын ресми түрде жеткізіп отыратын болады. 2017 жылдың 1 қаңтарнан бастап TotalEnergies фирмалық майлары бірінші құю майлары ретінде қолданылады, ары қарайғы пайдалануға ұсынылады және бүкіл әлем бойынша 180 елдегі 5500-ден астам дилерден тұратын компанияның сервистік желілерінде KIA қолданушылары қолжетімді болады.

Серіктестіктің кеңейтілуі 2011 жылы басталды. Осы кезде KIA автомобильдерінің иелері немесе сатушылары үшін TotalEnergies майларын қолданудың артықшылықтарын ұлғайту туралы шешім қабылданған болатын. Осылайша компаниялар желісі арнайы KIA қозғалтқыштары үшін әзірленген Total Quartz жоғары сапалы майларына қол жеткізе алды. Бұл жанармайдың өнімділігін, сенімділігін және үнемді болуын арттыруға мүмкіндік берді. KIA мен TotalEnergies болашақта да сұраныстың артуына, түсетін пайданың өсуіне, клиенттерді сақтап қалуға және олардың тілегін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен маркетингтің сервистік бағдарламаларын әзірлей беретін болады.

Аталған серіктестік аясында KIA және TotalEnergies Lubrifiants ортақ мақсатқа ие екендерін, атап айтқанда әлемдік нарықтағы өз ықпалын арттыруға тырысатындықтарын растады. «Әдістер альянсында» өздерінің қуатты қасиеттерін біріктіре отырып компаниялар сервис пен шығарылатын өнім сапасының бұрынғыдан да жақсара түсуіне қол жеткізбек.

 

«Біз KIA Motors Corp ұйымымен жаһандық серіктестігімізді кеңейту мүмкіндігіне қуаныштымыз. Серіктестіктің бұл жаңғыруы ұзақмерзімді перспективада KIA Motors-тың халықаралық нарыққа табысты түрде шығуы жолында TotalEnergies компаниясының оған қолдау білдіріп, жағармай материалдарын жеткізіп отыратындығын растайды. Сонымен қатар TotalEnergies компаниясының маркетинг жөніндегі сарапшылары кепілдік мерзімі аяқталған соң KIA қолданушылары үшін өнімнің сатылу көлемін арттыру бойынша тәжірибесімен бөліседі», - дейді TotalEnergies Lubrifiants автомобиль бөлімінің бас басқарушысы Пьер Дюо.

«Соңғы 5 жыл ішінде TotalEnergies компаниясы әлемдік ауқымға, қуатты маркетинг мүмкіндіктеріне, сапасы жоғары жағармай материалына және біздің желілердің қажеттілігін қанағаттандыру үшін түрлі технологияларға ие екенін көрсетті. Клиенттер мен дилерлерді қамтамсыз ету деңгейін арттыруға арналған жаһандық стратегиямызда TotalEnergies біздің негізгі серіктесіміз болады», - деп пікірін білдірді KIA Motors Corp ұйымының халықаралық қызмет көрсету бөлімінің вице-президенті Стивен Юн.