Skip to content

14/09/2016 News

INFINITI VC-T: өзгертілетін сығу деңгейі бар әлемдегі өндіріске дайын алғашқы VC-T қозғалтқышы

2016 жылдың 14 тамызында Infiniti компаниясы VC-T жаңа қозғалтқышы таныстырылған мақала жариялады. VC-T «турбо қысымды көтеруі бар өзгертілетін сығу деңгейі» дегенді білдіреді. Бұл жаңа қозғалтқыш өндіріске дайын әлемдегі алғашқы өзгертілетін сығу деңгейі бар қозғалтқыш ретінде таныстырылды.

Шағын баспасөз мәлімдемесінде іштен жанатын жаңа қозғалтқыш 2016 жылы 29 қыркүйекте Париждегі автосалонда (Mondial de l'Automobile) толық таныстырылатын болады делінген.

1-сурет: Infiniti ұсынатын VC-T төртцилиндрлі турбиналы бензин моторы

Infiniti компаниясы сығу деңгейін өзгерте алатын осы 4-цилиндрлі бензин турбомоторын әзірлеу үшін 20 жыл жұмсаған. «VC-T технологиясы – іштен жану қозғалтқыштарын оңтайландыру бойынша революциялық шешім. Біздің технологиялық қадамымыздың арқасында 2-литрлік турбоқозғалтқыштың қуаты тамаша жанармай үнемділігімен үйлесіп тұр», - деп мәлімдеді Infiniti компаниясының президенті Роланд Крюгер (Roland Krueger).

2-сурет: Infiniti VC-T қозғалтқышы жұмысының технологиясы

 

Infiniti баспасөз мәлімдемесінде айтылғандай, VC-T қозғалтқышы поршень жүрісі биіктігінің біртіндеп өзгеруінің есебінен сығу деңгейін өзгертеді. Бұл қозғалтқыштың жұмыс көлемі мен сығу коэффициентін максимал динамика үшін 8:1 бен жанармайды үнемдеу үшін 14:1 аралығында ауыстырып отыруға мүмкіндік береді. Қозғалтқышты басқару жүйесі автоматты түрде жағдайға байланысты қолайлы деген коэффициентті таңдайды.

VC-T технологиясы жанармай шығынын және зиянды заттардың шығарылу деңгейін айтарлықтай төмендетеді, шу мен вибрация деңгейін азайтады, бірақ өзгертілетін сығу деңгей жүйесі бар жаңа мотор басқа балама құрылғыларға қарағанда жеңілірек және шағынырақ болады.

Infiniti командасымен «Формула-1» әлем чемпионатында серіктес болып отырған TotalEnergies компаниясы: «Бұл қозғалтқыш жағу материалдары мен жанармай әзірлеуде мүлдем жаңа әдісті көрсетіп отыр. Біз жақын арада Nissan да осындай қозғалтқышты саудаға шығарады деп күтеміз. Мұндай инновациялық технологияның өнеркәсіптік өндірісі түптеп келгенде біздің өнімге жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл біздің компанияны ассортиментімізді жақсартып, кеңейтуге бұрынғыдан да ынталандыра түседі», - деп мәлімдеді.

TotalEnergies компаниясымен серіктестік Infiniti командасына F1 әлем чемпионатында 4 қосарлы жеңіске қол жеткіуге мүмкіндік берді. TotalEnergies инженерлері «Формула-1» болидтері үшін зерттеулер жүргізіп, бұрынғыдан да тиімді жағу материалдарын әзірлеп, уақыт көшінен қалмай келеді.