Skip to content

TotalEnergies биологиялық ыдырайтын жағармайлары

 

Биологиялық ыдырайтын жағармайлар

TotalEnergies компаниясы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аса жауапкершілікпен қарайды. Біз ол үшін жағармайлары жұмыс барысында жұмсалған немесе сыртқа төгілген жағдайда қоршаған ортаға тікелей қауіпті болып табылатын техникалар мен көлік құралдарына арналған арнайы майлардың сан-алуан түрлері кіретін биологиялық ыдырайтын жағармайлар жасап шығардық.

Биоразлагаемые смазочные материалы

 

Биологиялық ыдырайтын жағармайлар деген не?

«Биологиялық ыдырайтын жағармайлар» деп адамдар және сулар үшін уытты емес, барлық жылдам ыдырайтын жағармайларды атайды. Олардың негізі ретінде өсімдік майлары (мысалы, рапс майы) немесе түрлендірілген, қалпына келтірілген майлардан жасалған синтетикалық күрделі эфирлер пайдаланылуы мүмкін.

Биологиялық ыдырайтын жағармайлардың негізгі артықшылықтары:

  • Биологиялық жылдам ыдырау қабілеті;
  • Уыттылығының аздығы;
  • Экологиялық тазалығы;
  • Майлау қасиеттерінің жақсы болуы;
  • Тұтқырлық индексінің жоғарылығы;
  • Қондырғының қызмет мерзімін ұзартуы.

Биологиялық ыдырайтын жағармайларды қолдану салалары

Биологиялық ыдырайтын жағармайларды қоршаған орта үшін қауіпті болуы мүмкін барлық салаларда пайдаланған дұрыс. Мысалы, келесі жағдайлар:

  • Жағармайлардың жұмыс барысында жұмсалуы (бензиндік араның шынжырына арналған майлар, екі тактылы қозғалтқыштарға арналған майлар, қалыптарды майлауға арналған майлар және т.б.);
  • Жағармайлардың кездейсоқ төгілуі (гидравликалық майлар, қозғалтқыштарға, берілістер қораптарына, белдемдерге арналған майлар және т.б.).

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі аса маңызды болып табылатын жағдайларда, мысалы, техниканы тауларда, ауыл шаруашылығы және орман алқаптарында, терең карьерлерде пайдаланған кездерде биологиялық ыдырайтын жағармайларды пайдалану ерекше ұсынылады.

Таза суға арналған биологиялық ыдырайтын жағармайлар

Суда пайдаланылатын техникалар суды жағармайлармен ластау көздері болып табылады. Оларға өзендер мен каналдарда жұмыс істейтін техникалар (өзін түбін тереңдету, айлақтар салу жұмыстары), өнеркәсіптік кемелер (сүйреткіш-итергіш кемелер, траулерлер және т.б.) және серуендеу қайықтары (моторлы қайықтар, гидроциклдер және т.б.) жатады. Суда немесе су айдындарының жанында жұмыс істейтін барлық қондырғылар да (шлюздер, гидроэлектростанциялар) суды ластау көздері болып табылады. TotalEnergies компаниясы қызметтің келесі түрлеріне арналған биологиялық ыдырайтын жағармайлардың сан-алуан түрлерін ұсынады:

  • Өзендегі кеме қатынасы және жағалау маңында жүзетін кемелер;
  • Жағалау маңындағы және теңіздегі ішкі кеме қатынасы;
  • Шағын серуендеу кемелері;
  • Шлюздер және гидроэлектростанциялар.

Ластанбаған қоршаған ортаға арналған биологиялық ыдырайтын жағармайлар

Жер қазатын машиналар мен көліктер табиғи ортада құрылыс нысандарында, карьерлерде және қалаларда жол салу жұмыстары кезінде жиі пайдаланылады. Осы жұмыстар кезінде техникалардың қозғалтқышынан, транмиссиясынан немесе гидравликалық жүйелерінен май сыртқа кездейсоқ төгіліп, қоршаған ортаны ластауы мүмкін. TotalEnergies компаниясы осы салаларда пайдалануға арналған биологиялық ыдырайтын жағармайлардың сан-алуан түрлерін ұсынады:

  • Орманда кесілген ағаштарды сүйрейтін машиналар;
  • Құрылыс техникасы;
  • Жер қазатын машиналар мен көліктер;
  • Дренаж және тазалау желілерін салуға және пайдалануға арналған машиналар.

Ластанбаған таулы аудандарға арналған биологиялық ыдырайтын жағармайлар

Таулы жерлерде жұмыс істейтін кәсіби мамандар қоршаған ортаны қорғаумен және таулы аудандардың тазалығын сақтаумен үнемі айналысады. TotalEnergies компаниясы олардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін таулы аудандарда жұмыс істейтін барлық қондырғыларға: тау шаңғышыларын көтергіштерге, қар лақтырғыш машиналарға, қарда жүретін көліктерге, қар тазалағыш машиналарға және басқа да арнайы қондырғыларға арналған биологиялық ыдырайтын жағармайлардың сан-алуан түрлерін ұсынады. Оларға келесі салаларға арналған трансмиссиялық майлар және гидравликалық майлар, сондай-ақ екі тактылы қозғалтқыштарға арналған жағармайлар кіреді:

  • Тау бөктерлерінде жұмыс істейтін машиналар;
  • Тау шаңғышыларын көтергіштер;
  • Қарда жүретін көліктер және квадроциклдер;
  • Қар өндіру қондырғылары.

Биологиялық ыдырайтын жағармайлар орман және ауыл шаруашылығындағы шағын қондырғыларда (бензиндік аралар, бұта кескіштер), ағаш кесуге арналған қондырғыларда (форвардерлер, ағаш тиегіштер), топырақ өңдеу және астық жинау машиналарында пайдаланылады.

Жұмыс барысында жұмсалған немесе кездейсоқ төгілген кезде (мысалы, бензиндік аралардың шынжыры, екі тактылы қозғалтқыштар) гидравликалық және трансмиссиялық майлар орман және ауыл шаруашылық алқаптарын ластауы мүмкін. TotalEnergies компаниясы келесі орман және ауыл шаруашылығы техникаларында арнайы пайдалануға арналған биологиялық ыдырайтын жағармайлардың сан-алуан түрлерін ұсынады:

  • Ағаш кесу техникалары;
  • Топырақ өңдеу техникалары;
  • Ауыл шаруашылығы қондырғылары;
  • Шынжырлы аралар, бұта кескіштер.