Skip to content

РЕСМИ ХАБАРЛАМА

ОСЫ РЕСМИ ХАБАРЛАМА ОСЫ САЙТТЫҢ БҮКІЛ МАЗМҰНЫНА ҚОЛДАНУҒА ЖАРАМДЫ. СОНДЫҚТАН САЙТТЫ ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН ТӨМЕНДЕ КЕЛТІРІЛГЕН ШАРТТАРМЕН ТАНЫСУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ, СЕБЕБІ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ СІЗДІҢ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІҢ ТІРКЕЛУІНЕ ҚАРАМАСТАН ОСЫ ШАРТТАРДЫҢ ТОЛЫҚ ҚАБЫЛДАНАТЫНЫН БІЛДІРЕДІ.  

Біз, «ТотальЭнерджис Маркетинг Казахстан» ЖШС (БСН 131140026174). Орналасқан жері: 050000, Алматы, Қонаев көш., 77,  «Park View» БО) (бұдан әрі - Әкімші)  https://kz.totalenergies.com  сайтында (бұдан әрі – Сайт) жиналған дербес деректерге бақылау жүргіземіз. Біздің сайтқа кірген жағдайда біз Сіздің дербес деректеріңіздің құпиялылығын қорғауға міндеттенеміз. Бізге ұсынылатын кез келген дербес деректер (мысалы, Сіздің атыңыз, мекенжайыңыз, электрондық пошта мекенжайыңыз және телефон нөміріңіз) төмендегідей қолданылуы мүмкін:

  • Сіздің сұрауларыңызға есептеме жіберу үшін;
  • Сіздің аккаунтыңызды әкімшілендіру және Сіздің алдыңыздағы міндеттемелерді орындау үшін;
  • Сіздің тапсырысыңызды орындау үшін;
  • Сіздің алдын ала берген келісіміңізбен ғана Сіздің қызығушылығыңызды тудыруы мүмкін тауарлар мен қызметтердің сипаттамасын Сізге жіберу үшін.

1.1. Қағидаттар

Сайтқа кірген кезде Сіздің компьютеріңізге «cookie» файлы орнатылуы мүмкін. Cookie – бұл Сайтты қарап шығу және оған кіру туралы ақпаратты (мысалы, Сіздің қарап шыққан беттеріңіз, Сайтқа кірген күніңіз бен уақытыңыз, Сіздің ауысқан сілтемелеріңіз) жазатын файл.

Браузердің тиісті теңшелімдеріне өзгертулерді енгізу арқылы Сіз кез келген уақытта Сіздің компьютеріңізге орнатылатын cookies жоя аласыз, Сіздің компьютеріңізде cookies сақталуын тоқтата аласыз немесе жаңа cookies орнатылғаны туралы хабарламаларды алуды теңшей аласыз. Осы функцияларды белсендіру/өшіру туралы қосымша ақпаратты Сіздің браузеріңіздің «Көмек» бөлімінен, сондай-ақ біздің https://kz.totalenergies.com/kk/cookies Сайтымыздың бөлімінен қараңыз

Сookies жойғаннан кейін немесе оларды компьютеріңізге орнатуды бұғаттағаннан кейін Сіздің Сайтты пайдаланушыларға қолжетімді белгілі бір сервистерді пайдалану мүмкіндігінен айрылуыңыз мүмкін екенін ескертеміз.

Интернетпен байланысты орнатып жатқан қалаңызды анықтау үшін сондай-ақ Сіздің ІР-мекенжайыңыз белгілеп алынады. Кейіннен сайтты қарап шыққан соң Сіздің мекенжайыңыз бірден анонимді мекенжайға айналады. Бұл Сізді жеке тұлға ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік бермейді.

2. Сіздің құқықтарыңыз

Сіздің дербес деректерді пайдалануға рұқсат алуға, өзгертулерді немесе түзетулерді енгізуге, сонымен қатар оларды жоюға құқығыңыз бар. Сіз өз дербес деректеріңізді ашуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды өңдеуге және таратуға қарсылық білдіруге құқылысыз. Әкімшінің өзі заңсыз деп санайтын кез келген талапты қанағаттандырудан бас тарту құқығы сақталады. Қолдануға жарамды қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің электрондық поштаның, факстың көмегімен немесе автоматты операторды пайдалану арқылы белгілі бір өнімді сатумен байланысты сұрақ-жауаптардың тек қана оған Сіздің ресми келісіміңіз болған жағдайда жүргізілуін талап етуге құқығыңыз бар.

Егер Сіздің жоғарыда көрсетілген құқықтарды жүзеге асырғыңыз немесе қандай да бір қосымша ақпарат алғыңыз келсе, [email protected] мекенжайына электрондық пошта немесе 050000, Алматы, Қонаев көш., 77, «Park View» БО мекенжайы бойынша жай пошта арқылы тиісті сұрау жіберуіңізді сұраймыз. 

3. Сайтты пайдалану шарттары

3.1. Бұл Сайттың Әкімшісі қосу кезінде осы Сайтта немесе сол арқылы ұсынылатын барлық ақпараттың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету үшін бар күшін салды. Дегенмен де, Әкімші алдын ала кешірім сұрайтын абайсыз немесе кездейсоқ жасалған қателер немесе олқылықтар кездесуі мүмкін. Алайда Әкімші осы Сайтта немесе сол арқылы ұсынылатын ақпараттың, оған қоса кез келген гипермәтіндік сілтемелердің немесе осы Сайтта тікелей немесе жанама түрде қолданылатын кез келген басқа құралдардың дұрыстығына немесе толықтығына қатысты ешқандай растамаларды немесе кепілдіктерді бермейді.

Әкімшінің хабарлама берусіз кез келген уақытта өзгертулерді немесе түзетулерді енгізу құқығы сақталады; ол осы Сайттағы кез келген олқылықтар немесе қателіктер үшін жауапкершілік көтермейді; осы Сайтта немесе сол арқылы алынған ақпарттың негізінде қабылданған кез келген шешім кірушінің/пайдаланушының жеке дара жауапкершілігі болып табылады.

Әкімші кез келген тікелей, арнайы, жанама немесе одан кейінгі залалдар, сондай-ақ басқа тұлғаның кіруінің немесе оның осы Сайтқа кіруге қабілетсіздігінің, сонымен бірге осы Сайтта тікелей немесе жанама түрде алынған кез келген ақпаратты пайдаланудың немесе оған сенудің салдарынан белгілі бір сепбеппен пайда болған басқа да кез келген шығындар, зиян немесе өзге жауапкершілік үшін жауапкершілік көтермейді.

3.2. Осы Сайтта ұсынылған ақпарат қаражаттарды инвестициялауға немесе Әкімшіге қатысты өзге сауда қызметін жүзеге асыруға шақыру болып табылмайды және саналмайды.

3.3. Осы Сайттың мазмұны міндетті заңды күші бар шартты жасасу ұсынысын білдіреді.

3.4. Егер өзгеше көрсетілмесе, осы Сайтта ұсынылған құжаттарға, сондай-ақ ол үшін жасалған барлық материалдарға авторлық құқық тек қана Әкімшіге тиесілі. Лицензиялар немесе кез келген басқа құқықтар зияткерлік меншіктің кез келген ілеспе құқықтарына қатысты басқа қандай да бір тұлғаларға берілмейді. Мұндай құжаттарды тек қана жеке немесе ақпараттық мақсаттарда көшіруге жол беріледі. Бұл құжаттарды басқа кез келген мақсаттарда көшіруге немесе пайдалануға қатаң тыйым салынады.

3.5. Әкімшінің Сайттың тәулік бойы жұмыс істеуі бойынша шара қабылдайтынына қарамастан, Әкімші Сайтты кез келген уақытта немесе белгілі бір уақыт мерзімінің ішінде белгілі бір себептермен қолжетімсіз болған жағдайда жауапкершілік көтермейді. Сонымен бірге жүйе іркілген, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда, сондай-ақ Әкімшінің бақылауынан тыс себептермен бұл Сайтқа кіруге рұқсат алдын ала хабарлаусыз уақытша берілмеуі мүмкін.

3.6. Қолданыстағы заңнамада және осы Саясатта көзделген дербес деректерден басқа кірушілер жіберетін немесе орналастыратын кез келген материалдар құпиялы немесе жасырын болып табылмайды. Мұндай материалдарға қатысты Әкімші жауапкершілік көтермейді. Әкімші немесе оның уәкілеттік берген кез келген тұлғасы мұндай материалдарды және кез келген деректерді, кескіндерді, дыбыстарды, мәтінді және олардың басқа да элементтерін коммерциялық немесе өзге мақсаттарда көшіруге, ашуға, таратуға, енгізуге немесе басқа жолмен пайдалануға құқылы.

4. Қорытынды ережелер

4.1. Сіздің ақпаратыңыздың құпиялылығын сақтауға біз бар күшімізді саламыз. Осы мақсатта біз Сіздің ақпаратыңызды рұқсатсыз пайдалануға, кездейсоқ жоғалтуға және заңсыз жоюға жол бермеуге мүмкіндік беретін қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын енгіздік.

4.2. Біз Сіздің ақпаратыңызды тиісінше қорғауға мүмкіндік беретін барлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын енгіздік.

4.3. Осы Ресми хабарлама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Осы Ресми хабарламаның шарттарын немесе осы Сайтты пайдаланумен байланысты даулар туындаған жағдайда аталған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға тиіс.

4.4. https://kz.totalenergies.com сайтының хостинг-провайдері Франкфуртте (Германия) орналасқан Acquia Cloud Site Factory компаниясы болып табылады. Компанияның штаб-пәтері орналасқан мекенжай: 53 Стейт Стрит (53 State Street), Бостон, Массачусетс, АҚШ, 02109. Dun & Bradstreet (D&B): 015922699. Телефон: +1 617-588-9600.