Жартылай синтетикалық май - жалпы алғанда, модификацияланған қоспа қосылған әдеттегі минералды май. Осының арқасында бұл түрді синтетика түріне жақындататын ағу және тұтқырлық қасиеттері жақсарады.
Қозғалтқыштың нақты моделі үшін өндірушінің сервистік кітапшасымен регламенттелетін тұтқырлық дәрежесі қарастырылған. Заманауи қозғалтқыштардың басым көпшілігі синтетикалық мотор майларына орайластырып бейімделген. Жартылай синтетика оларда сирек жағдайларда уақытша алмастыру ретінде қолданылады.
Жанармай қозғалтқыштары мен дизель үшін уақыт келе осындай ауыстыру үнемділік жағынан ақталған болады. Tотал жартылай синтетика майы мысалы, қымбат QUARTZ 7000 ENERGY 10W-40 синтетикалық майдың тиімді алмастыруы ретіндегі жақсы шешім болып табылады.
Жартылай синтетикалық майдың сипаттамалық ерекшеліктері, минералды және синтетикалық автомайлардан айырмашылығы
Өзінің айтарлықтай арзан бағасының және керемет майлау қасиеттерінің арқасында ол автомай тұтынушылар арасынан аса жоғары мәртебеге ие болады. Жартылай синтетика тек синтетикалық майлаумен ғана жұмыс істеуге әдеттенген қозғалтқышты істен шығармайды.
Лайықты жуғыш қасиеттерге ие бола отырып, Tотал жартылай синтетика 10W-40 автомайы минералды түрлермен салыстырғанда майлауды ауыстыру аралығын ұзартады.
Егер сіздің қозғалтқышыңыз көп қашықтықты жүріп өткен, ал май күйіп шығындалуы шамалы болса, онда сіз маусым және климат бойынша сәйкес келетін май түрін сенімді түрде таңдай аласыз. Бүгінгі таңда TotalEnergies қозғалтқышқа арналған жартылай синтетикалық майлар дегеніміз:1.
- Quartz 7000 Energy 10W-40.2.
- Quartz Diesel 7000 10w-40.3.
- Quartz 7000 10W-40.
TotalEnergies мотор майы, жартылай синтетика кеңінен қолданылатын майлаушы материал болып табылады. Порталда берілген топтама сапаның қатаң өнеркәсіптік стандартына сәйкес келетін жартылай синтетикалық майды ұсынады.
Total Quartz 7000 10W-40
Жартылай синтетика Тотал Quartz 7000 Energy 10W-40 - автомобильді қоңыржай климатта қарқынды түрде пайдалану жағдайында керемет таңдау. Тұтқырлығының индексі жұмыс температураларының қолданылатын ауқымдарын негіздейді. Егер біз сол жақ көрсеткіштен 35 санын алып тастайтын болсақ, осы жартылай синтетикалық май -25°С температураға дейін қоюланбайтын болады. Ал бұл дегеніміз, суық емес қыс мезгілінде осы барлық маусымды май автомобильдің барлық маркаларына жарамды болады.
Майдың керемет ағу қасиетінің арқасында Quartz 7000 Energy 10W-40 қолданылатын қозғалтқыш қыстың аязды күндерінде таң қалдыралық бір сарында от алады. Мотордың өзі от алған мезеттен бастап бірқалыпты және ешбір тартылмастан жұмыс істейді.
Қозғалтқышқа арналған жартылай синтетикалық май дайындау тұрғысынан синтетикадан арзандау. Автокөлік иелерінің көзқарастары бойынша олар өз ресурсын 100% ақтап шығады. Заманауи жартылай синтетика қозғалтқышты асқын тозудан сақтау бойынша көптеген автоөндірушілердің талаптарын толықтай қанағаттандырады. Осы түрдегі автомайлар – бензинді және дизельді қозғалтқыштарды пайдалану барысында лайықты ымыралы шешім.
Алматыда TotalEnergies жартылай синтетикалық майын сатып алу бүгінгі таңда оп-оңай, TotalEnergies ресми дистрибьютерлеріне хабарласыңыз, мекенжайларын «Біздің серіктестеріміз» бөлімінде таба аласыз.