Трансмиссия майы: ол автомобиль үшін неліктен мұншалықты маңызды?

Автомобильдің тісті механизмдеріндегі тістер олардың қызуын және тозуын тудыратын «металлға металл» түйіспесі арқылы өзара ілініседі. Трансмиссия майы осы қозғалатын бөлшектерді арасындағы үйкелісті азайту және олардан жылуды басқа жаққа бұру арқылы қорғайды. Трансмиссия майын жүйелі түрде ауыстыру автомобильдің қызмет мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін және болашақта қымбат жөндеу жүргізуге мәжбүр етпейтін маңызды техникалық қызмет көрсетуге жатады.

Трансмиссия майы не үшін арналған?

Трансмиссия майы – бұл жеңіл немесе жүк көлігінің трансмиссияларында, механикалық беріліс қораптарында, дифференциалдарында, жетекші белдіктерінде және үлестіру қораптарында қолдануға арналған  майлайтын материал. Трансмиссия майы трансмиссияның бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Оған қоса, ол автомобильдің тісті механизмдеріндегі маңызды ішкі компоненттерді тозудан және жылудан зақымдалудан қорғауға көмектеседі.

Май деңгейінің жеткіліксіз болуы трансмиссияның түрлі компоненттерінің шамадан тыс тозуына, коррозиясына, қажалуына және эрозиясына әкелуі мүмкін. Мұндай тозу автомобильдің жұмыс сипаттамаларын нашарлатады және тіпті қымбат жөндеуден өткізуге мәжбүр етеді. Трансмиссия майы мен мотор майының арасындай айырмашылық бар, олар бір бірінің орнын баса алмайды.  Трансмиссия майының арнайы құрамы оны тісті механизмдерге қатысты қолдануға мүмкіндік береді. Өзіңіз байқағандай, мотор майы тек қана автомобильдің қозғалтқыштарына арналған.

Қандай трансмиссия майын қолдану керектігін қалай білуге болады?

Автомобиліңізді пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз. Автомобильдердің тісті механизмдердің техникалық сипаттамалары әртүрлі болуы мүмкін. Тиісті трансмиссия майын қолданбау жұмыс сипаттамаларын нашарлатады және тіпті ішкі компоненттердің зақымдалуына алып келеді. Сондықтан сіздің автомобиліңізді шығарған өндіруші ұсынған трансмиссия майын қолдану маңызды.  

Американдық мұнай институты трансмиссия майларын жалпы сипаттамаларына қарай жіктейді. GL-4 және GL-5 класты трансмиссия майлары нарықтағы кеңінен таралған. Автомобильтердің басым көпшілігінде GL-4 трансмиссия майы қолданылады. Жүк және спорт автомобильдері сияқты ауыр жүк таситын және аса қуатты көліктерде GL-5 трансмиссия майы қажет етіледі.

Трансмиссия майын ауыстырмаса не болады?

Трансмиссия майын өндіруші ұсынған кесте бойынша ауыстырмаса, трансмиссия және автомобильдің басқа да тісті механизмдері айтарлықтай зақымдалуы мүмкін. Нәтижесінде қомақты қаражатты талап ететін бөлшектерді ауыстыру немесе трансмиссияны жөндеу керек болады.

Трансмиссия майы уақыт өткен сайын өзінің жұмыс сипаттамаларынан айрыла береді.  Механикалық беріліс қораптары және өзге де тісті механизмдер «металлға металл» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Табиғи үйкеліс трансмиссия майында біртіндеп ұсақ металл бөлшектерді жинай отырып, осы қозғалмалы бөліктердің сырып тігілуіне әкеледі. Бұл факторлар трансмиссия майының майлау қасиеттеріне теріс әсер етеді, сондықтан егер трансмиссия майын уақтылы төгіп, ауыстырып тұрмаса, трансмиссияның қызмет мерзімі қысқарады. 

Трансмиссия майын қаншалықты жиі ауыстыру қажет?

Мұндай ақпаратты алу үшін алдымен автомобиліңіздің пайдалану жөніндегі нұсқаулығын қараңыз. Дегенмен, егер автомобиль тиісті жағдайларда қолданылса, трансмиссия майын автоматты беріліс қораптарында әр 48000 - 80 000 км (30,000 - 50,000 миль) сайын және механикалық беріліс қораптарында әр 96,000 - 160,000 км (60,000 - 100,000 миль) сайын ауыстырады. Автомобильді үнемі сүйреу немесе лайда қолдану сияқты ауыр жағдайларда қолданғанда трансмиссия майы әр 24,000 км (15,000 миль) сайын ауыстырылуға тиіс.

Қандай белгілер трансмиссия майын ауыстыру қажеттігін білдіруі мүмкін?

Берілістерді ауыстыру кезінде трансмиссияның қалай әрекет ететініне назар аударыңыз. Сырғып өткені немесе соққы алғаны байқала ма? Өзіне тән емес күйік иісі немесе қажалғандай дыбыс трансмиссия майын ауыстыру қажеттігін білдіреді. Май ағып жатқан жерлерді мұқият қарап шығыңыз, олар ластанған майдың индикаторы болуы мүмкін. Егер трансмиссия майы қарайып кетсе немесе құрамында бөгде бөлшектер байқалса, онда оны ауыстыру қажет. Қорыта айтқанда, құралдар панелінде жанған «Check engine» шамы әрдайым капот астында бір заттың шұғыл шара қабылдауды қажет етіп тұрғанын білдіреді.